Бозшакөл ауылдық кітапханасында Ғылым қызметкерлері күніне орай «Ғылымға жол – Сәтбаевтан бастау алады» атты танымдық сағат болып өтті.
Шара барысында қазақтың көрнекті ғалымы, академик Қаныш Сәтбаевтың өмір жолы мен бай ғылыми мұрасы кеңінен таныстырылып, бейнебаян көрсетілді. Сондай-ақ, ғалымның Жезқазған өңіріндегі зерттеулері, табиғи байлықтарды игерудегі еңбегі және ел экономикасының өркендеуіне қосқан зор үлесі туралы құнды деректер айтылды. Одан әрі оқушыларды ғалымның еңбектерімен, сондай-ақ ол туралы сыр шертетін әдебиеттермен таныстырды.