2 сәуір күні №18 ЖОМ кітапханасында №3 кітапхана - коммуникациялар орталығының қызметкерлері «Менің арманымдағы мамандық» атты кәсіби ақпарат сағатын өткізді.
Іс-шара барысында оқушыларға мамандық таңдаудың маңыздылығы жан-жақты түсіндіріліп, қазіргі таңда сұранысқа ие мамандықтар туралы мәлімет берілді. Сонымен қатар әр мамандықтың ерекшеліктері, артықшылықтары мен кездесетін қиындықтары кеңінен айтылды. Оқушылар өздерінің болашақта қандай маман иесі болғысы келетінін ортаға салып, ой-пікірлерімен бөлісті. Шара сұрақ-жауаппен қорытындыланды.
Сондай-ақ кітапханашы кітапхана қорындағы мамандықтар тақырыбына арналған әдебиеттермен таныстырып, кітап көрмеге шолу жасады.