«Әлемді кітаппен таны» жобасы аясында балалар оқу орталығының қызметкерлері Балалар кітабы апталығының ашылуына орай «Сиқырлы беттер сырын ашайық» атты танымдық сағат өткізді.
Шараға №6 мектеп-лицейінің 3-4-сынып оқушылары шақырылды.
Гарри Поттер кейпіне енген кітапханашы балаларды Балалар кітабы апталығының ашылуымен және көктемгі демалысқа шығуларымен құттықтап, Халықаралық кітап күні туралы қысқаша мәлімет беріп, «Волшебный клубочек» ойынын өткізді.
Кітапханашы сомдаған мыстан кемпір Пачкуля балаларға өзін таныстырып, балаларға қазақ, орыс және шетел ертегілері, кітаптағы шытырман оқиғалар мен фэнтези жанры бойынша «Магия и волшебство» атты әдеби викторина өткізіп, «Собери сказку по частям» сайысын ұйымдастырды. Сондай-ақ, балалар «Книжный крокодил» атты пантомималық сайысқа қатысып, мимика арқылы кітап кейіпкерлерін көрсетіп, сергіту ойынына қатысты.
Тақырыптық сағат «Подарите мне новую книжку», «Катя Матюшкина и Кот да Винчи», «Гарри Поттер» бейнебаяны және басқа да аудио және бейнематериалдарды көрсетумен сүйемелденді.
Шара соңында «Балапан» студиясының қазақ мультфильмдерінің кейіпкері кішкентай Айя қыз балаларды «Бар әлем балалар кітабында» көрмесіндегі балаларға арналған жаңа әрі танымал кітаптармен таныстырды.