Солнечный кентіндегі №6 кітапхана-коммуникациялар орталығының қызметкерлері «Қайнар+» балалар шығармашылық орталығының «Білгірлер» тобының тәрбиеленушілеріне «Табиғат – біздің екінші үйіміз» атты тақырыптық сағат өткізді.
Іс-шара үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезең «Шаттық шеңбері», онда балалар шеңбер құрып, бір-бірімен жылы амандасты. Екінші кезең «Сұрақ-жауап», бұл бөлімде балалар табиғат және қоршаған орта туралы сұрақтарға белсенді жауап берді. «Сурет бояу» кезеңінде қатысушылар жылдың төрт мезгілінің суреттерін бояп, өз өнерлерін көрсетті.
Шара соңында кітапханашы тақырыпқа сай ұйымдастырылған кітап көрмесімен таныстырып, көрмеге шолу жүргізді.