Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай Сарықамыс ауылдық кітапханасында «Ата заң - асыл мұраттар бастауы» атты танымдық сағаты болып өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар құқықтық мәдениеттің негізгі құжаты – Конституцияның тарихы, мазмұны мен маңыздылығымен танысты. Әрбір адамның өз құқықтарын пайдалана отырып қана қоймай, міндеттерін де білуі және орындауы қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар, қатысушылар Қазақстан тарихына арналған сұрақ-жауап ойындарына белсенді қатысып, патриоттық рухты оятатын өлеңдер оқыды.
Шара соңында балалар тақырыпқа сай ұсынылған әдебиеттермен танысып, танымдық сағаттан үлкен әсер алды.