«Бір ел - бір кітап» акциясы аясында Шідерті кентіндегі №8 кітапхананың қызметкерлері «Ұлттық поэзиясының дара тұлғасы» атты тақырыптық сағат өткізді.
Шара барысында «Бір ел – бір кітап» акциясының маңыздылығы, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденовтің өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұмат беріліп, бейнебаян ұсынылды. Одан әрі шара шебер жазушы Т. Әлімқұловтың «Қараой» шығармасынан үзінді оқумен жалғасын тапты. Сондай-ақ, қазақ поэзиясының аса дарынды қаламгері Ж. Нәжімеденовтың «Менің Қазақстаным» өлеңі орындалды.
Шара соңында кітапханашы кітап қорындағы қаламгерлердің кітаптарымен таныстырып өтті.