№3 кітапхана-коммуникациялар орталығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Тарихтан туған рәміздер» атты рәміздер сағаты болып өтті. Бұл шараға мектеп оқушылары қатысты.
Іс-шара әнұранды орындаудан бастау алды. Кітапханашы мемлекеттік рәміздер елдіктің символы, тәуелсіздіктің маңызды белгісі екендігіне тоқталып, оны қадірлеу, оның мән-мамзұнын білу - әрбір қазақстандық азаматтың парызы екендігін еске сала отырып, мемлекеттік рәміздеріміз тарихынан ақпарат беретін бейнебаян ұсынды. Одан әрі кітапхана қорына тиесілі мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызы жайлы әдебиеттермен таныстырды.