«Жақсылық сыйла» жобасы аясында № 19 арнайы жалпы орта мектебінің оқушылары мен ұстаздары Орталық балалар кітапханасына барды.
Шара барысында балалар ертегілер бойынша құрастырылған викториналық сұрақтарға жауап берді, «Аю мен түлкі» қуыршақтар спектаклін және «Маша мен аю» мультфильмін тамашалады, «Қызыл телпек» пен «Ақшақар» атты ойындарыды ойнады.
Шараның қорытындылай гүлдерді өсіру бойынша еңбекке баулу мұғалімі М.Л. Давыдова оқушыларымен бірге бөлме гүлдерін отырғызу бойынша «Жақсылық сыйла» акциясын өткізді және Орталық балалар кітапханасына арнап «Бегония», «Педилантус», «Спатифиллум», «Дефинбахия», «Колиус», «Пуансетия» гүлдерін отырғызды.