Н.Носов пен В. Драгунскийдің шығармалары бойынша КТК – ға №35 мектеп – гимназияның 3 «б» сынып оқушылары шақырылды.
Шара басында кітапхана меңгерушісі Г.Ж. Елюбаева қатысушыларды «Білгіштер» мен «Денистің достары» атты екі топқа бөлді.
КТК барысында балалар «Тармақтар арқылы шығрама атауын тап», «Сыстар» да, «хыхтар» да емес, қысқа да нұсқа «фыфкалар!», «Разминка», «Құпия жолдау» атты сайыстатға қатысты. Сондай – ақ, «Табылған заттар бюросы» сайыстың сұрақтарына жауап беріп, «Фоторобот» сайысында осы аттас шығарма кейіпкерлерінің фотороботтарын құрастырды.