Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімінің пайдасын түсіндіруге арналған ақпараттық сағатқа кітапхананың жас оқырмандары қатысты.
Шара барысында А.Б. Шахтаева балаларға «кітап» ұғымымен жайлы, кітаптың тарихы жайлы баяндап берді. Содан соң жас оқырмандарды кітапхананың кітап қорымен таныстырып, ұйымдастырылған кітап көрмелеріне шолу жасады. Сонымен қатар, балалар қазақ мақал – мәтелдерімен жарысып, жұмбақтарды шешті.