4 маусым күні Қазақстан Республикасының Рәміздер күніне арналған №6 кітапханада "Рәмізді ұлықтау парызым" атты саяси-шолу сабағы өтті. Шара әнұранымен басталды.
Кітапханашы оқырмандарды әр рәміздердің шығу тарихы, авторларымен таныстырды. Мемлекеттік Рәміздер күні туралы бейнебаян көрсетілді.
"Мақпал" мәдениет үйінің әдіскері А. К. Мусатирова ұйымдастырған "Жұлдыз" би ансамблінің бірнеше билері тамашаланды.
Шара соңында "Рәмізді ұлықтау парызым" атты кітап көрмесіне шолу жасалды.