• Читать @cbsekibas
  • Instagram

Екібастұз ОКЖ

Павлодар облысы Екібастұз қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

На русском

  • Негізгі
  • Кітапхана жүйесі
    • Жаңалықтар
    • Мақалалар
    • Кітапханалар
    • Қызметкер құрамы
    • Кәсіподақ комитеті
    • Галерея
    • Бейне және аудио
  • Қызмет
    • Өлкетану
    • Баспа қызметі
    • Мәңгілік полк
    • Ынталандыру клубтары
    • Кешенді мақсатты бағдарламалар
    • Әріптестік
  • Ресурстар
    • Жаңа түсімдер
    • Кітаптар
    • Журналдар
    • Газеттер
    • Мультимедиа
    • Авторлар
    • Баспалар
    • Рецензиялар
    • Пайдалы сілтемелер
  • Online арқылы кітапты ұзарту
  • Кері байланыс
  • Электрондық каталог
  • Экран дикторы



  • Кітапхана жүйесі
  •  → 
  • Мақалалар

Мақалалар

"Астана - Қазақстанның тұмарындай" кітап көрмесі

05.07.2012 17:00

"Астана - Қазақстанның тұмарындай" кітап көрмесі


Твитнуть
Поделиться
Плюсануть
Поделиться
Класснуть
Отправить

Сарыарқа даласында бой түзеген еліміздің соғып тұрған жүрегі, ару қыздай сыланған Астананы мақтаныш тұтпайтын Қазақстандық жоқ шығар. 1997 жылдың 10 – желтоқсаны Қазақстан мемлекетінің тарихында ерекше орын алатын күн. Алыс – жақын елдердің бәріне бас шайқатқан бұл батыл қадам жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ашығын айтайын, бұл шешімнің біздің ұлттық қауіпсіздігімізге тікелей қатысы бар. Мыңдаған жылдар бойы ата – бабаларымыз мекен еткен қасиетті қазақ жерінің бір бөлігін – аяулы Сарыарқаны саяси саудаға салып, дархан даламызды дау – дамайға айналдырғысы келетіндер бар кезде, солтүстіктегі шұрайлы өңірге суық көзінің сұғын қадайтындар бар кезде біз мына жылы жерде, әсем қала – Алматыда тыныш отыра алмас едік. Біз Алатаудың бауырына сыймай кеткен жоқпыз, қайта жер жәннаты Жетісуды қимай – қимай кеттік. Тарихтың қатал талабы осындай» десе, ал Астана туралы «Елорда дәуір таңдауы. Бұдан былай және ғасырдан ғасырға, осында ұлан - байтақ елдің кіндігінде халық тағдыры үшін өміршең маңызы бар шешімдер қолданатын болады. Бұл жерде енді Отанымыздың жүрегі соғуда. Осы жерден Қазақстан үшінші мыңжылдықтың табалдырығында өзінің тарихи тағдырын айқындайтын болады» деген болатын. Бұл күндері Астана тек саяси орталық қана емес, сонымен қатар рухани және мәдени орталыққа да айналып отыр. Биыл Астанада халықаралық «Жаңа әлемдегі еуразиялық мәдениет» форумы, «Әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшыларының ІҮ съезі» өткізілді және «Түркі әлемінің мәдени астанасы» болып бекітілді. Қазіргі кезде «Астана күні» жалпы Қазақстан бойынша кең ауқымда аталып өтіліп, әртүрлі мәдени шаралар ұйымдастырылуда. Қалалық орталық кітапхананың қызмет көрсету бөліміде осы Астана күні аясында «Астана – арман қала» атты мерекелік кітап көрме ұйымдастырды. Осы кітап көрменің тұсау кесерін 4 – шілде күні сағат 11 – де өткізу үшін қызу жұмыс үстінде. Осы іс – шараның алдына қойған мақсаты жасұрпақты елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Ұлттық рухты көтеру. Кітаптарды насихаттау болып табылады. Кітап көрмесіне Астана туралы, Елбасының шығармалары, «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша, «Менің Отаным Қазақстан» топтамасы бойынша суретті, көркем безендірілген және мазмұнды кітаптар қойылды. Мысалы;
1. Сәдуақас Тортай Қазиұлы. Астана аймағы. Есіл – Нұра – қарқаралы – Көкше – Омбы – Жетісу желісі (Тарихи – танымдық жинақ). – Алматы: Дайк – Пресс, 2008, 648 бет. + 16 бет жапсырма.
Бұл жинақ – тәуелсіз еліміздің астанасы Ақмола өңірі мен Елорда өмірі туралы тарихи еңбек. Еліміздің кіндік тұсы Сарыарқа аймағындағы осыдан бір жарым ғасыр бұрын хатқа түсіп сақталған мәліметтер беріледі. Кітапқа енген материалдар ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаттың құжаттары негізінде әзірленген.
2. Смайыл Алдан. «Астана ғасырлары». Тарихи – танымдық әдебиет. – Астана: «Педагогика Пресс Баспа үйі», 2010. – 416 б. суретті.
ХІХ ғасырдағы патшалық Ресейдің өңірде жүргізген отарлау саясатына байланысты болған саяси – әлеуметтік өзгерістер, Кеңес одағының алғашқы жылдарындағы дүмпулер шынайы суреттеліп, қаланың Астана атанған кезеңі қамтылған. Еңбекте Ақмола – Қараөткел аймағының байырғы елі туралы да тарихи деректер кең орын берілген. Шығарма публицистикалық бейнелі тілде жазылып, қалың оқырманға арналған.
3. Жүректен жеткен жырлар. – Алматы: «қазақ энциклопедиясы» 2011. – 396 бет.
Бұл жинаққа тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы назарбаевқа ақсақалдарымыздың әр жылдары берген баталарынан бастап, аты әйгілі ақындарымыз бен қарапайым жұртшылық өкілдерінің арнау өлеңдері мен толғаулары, жыр дастандары мен ән мәтіндері топтастырылған. Халқымыздың Елбасымызға деген шынайы алғысын, мақтанышы мен сүйінішін білдіретін кітап қалың көпшілікке арналған
. 4. Ләмбекұлы Сапарғали. Қарқаралы. – Астана: «Фолиант» баспасы, 2011. – 280 б. – («Менің Отаным – Қазақстан» сер.) Жер асты мен жер үстіндегі байлығымен тамсандырып, сұқтандырып, аңдасқан да, арбасқан да, әрі ерікті, әрі еріксіз сеңдей соғысып, семсердей сілтенген күштердің алаңы болған Қарқаралы баяны кім – кімді болсын бейжай қалдырмайды. Қарқаралы да туып, Қарқаралының өткеніне үздіге зер салып өткен қаламгер Сапарғали Ләмбекұлы сол мол шежірені тереңдей тарқатуға тырысыпты және сол үдеден шыққандай. Еңбек көркемдігімен де, ғылыми – танымдық ұстанымымен де тартымды. Сондықтан ол ғылыми ортаға да, қалың көпшілікке де қызықты болар деп ойлаймыз.
5. Самашев Зайнолла. Берел. – Алматы: «Таймас» Баспа үйі, 2011. – 236 бет. – Қазақша,орысша, ағылшынша.
Кітапқа автордың 1998 – 2011 жылдары Қазақ Алтайындағы Берел қорымында жүргізілген зерттеулердің алғашқы қорытындылары енгізілген. Басылымда өңірдегі ортағасырлық түріктердің мәдениеті мен тұрмысын сипаттауға керекті құнды деректер де қамтылған.
6.. Есік. Иссык. Esik. / Г.С. Жұмабекова. Ғ.А.Базарбаева. А.Оңғар – Алматы, 2011. – 200б. суретті. – Қазақша,орысша, ағылшынша. Бүгінгі таңда Есік обасы еліміздегі ең танымал археологиялық ескерткіштердің бірі болып табылады. Бұл ескерткіштен табылған олжалар тек халықтың игілігіне ғана емес, сондай – ақ ұлттық нышанға айналып отыр. Бұл кітапта Есік обасынан табылған бұйымдардың суреттері мен мәліметтер берілген.Авторлар Есік обасынан алынған мәліметтерді Қазақстандағы, тіпті Еуразияның таулы – аңғарлы кеңістігіндегі соңғы ашылған жаңалықтарды ескере отырып, жаңаша қарауға тырысқан. Кітапқұмар көпшілік қауым! Осы және тағыда көптеген қызғылықты жаңа кітаптарды оқып білім нәрімен мейірлеріңіз қанғанша сусындау үшін орталық қалалық кітапханаға келіңіздер. Сіздерді асыға күтеміз.
Кітапхана
Количество показов 517

Тізімге оралу


Қатысты мазмұны:


DB query error.
Please try later.