• Читать @cbsekibas
  • Instagram

Екібастұз ОКЖ

Павлодар облысы Екібастұз қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

На русском

  • Негізгі
  • Кітапхана жүйесі
    • Жаңалықтар
    • Мақалалар
    • Кітапханалар
    • Қызметкер құрамы
    • Кәсіподақ комитеті
    • Галерея
    • Бейне және аудио
  • Қызмет
    • Өлкетану
    • Баспа қызметі
    • Мәңгілік полк
    • Ынталандыру клубтары
    • Кешенді мақсатты бағдарламалар
    • Әріптестік
  • Ресурстар
    • Жаңа түсімдер
    • Кітаптар
    • Журналдар
    • Газеттер
    • Мультимедиа
    • Авторлар
    • Баспалар
    • Рецензиялар
    • Пайдалы сілтемелер
  • Online арқылы кітапты ұзарту
  • Кері байланыс
  • Электрондық каталог
  • Экран дикторы



  • Кітапхана жүйесі
  •  → 
  • Мақалалар

Мақалалар

24.10.2024 15:29

Оқырман сұранысын қанағаттандырып отыр


Твитнуть
Поделиться
Плюсануть
Поделиться
Класснуть
Отправить

 24 қазан — кітапханашылар күні. Осы орайда қаламыздағы тарихы тереңнен бастау алатын, абырой-беделі жоғары, кітап қоры бай № 3 кітапхана-коммуникациялар орталығының жұмысымен танысуды жөн көрдік. 

 Кітапхана 1964 жылы ашылған. Мүнда «Мәңгі жаса, Қазақстан!», «Жастар, сіздер үшін», «Ұлт намысын үран түтқан түлға», «Тілді сүю — тал бесіктен» атты кітап көрмелері үнемі жүмыс істейді. Кітапхана — оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Ал, кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін — кітапханашылар. Осы орайда, №3 кітапхананың меңгеруші Ляззат Омарованың, библиографі Айнагүл Құспекованың, кітапханашы Назым Досымханованың оқырман үшін атқарып келе жатқан жұмыстарын атап өту керек. Қазіргі таңда кітапхана қызметкерлері «Жастар қаласы», «Жеңіс», «Кітап — өнеге, руханият» атты бағыттарда түрлі шаралар өткізіп түрады. 

 Әсіресе ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыларды оқу және насихаттау, қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын оятатын «Кешкі кітапхана» жобасы аясында жас оқырмандар арасында дөңгелек үстел, әдеби кештер мен интелектуалды ойындар ұйымдастырылады. Солардың бірі — таяуда кітапханның 60 жылдық мерейтойына орай өткізілген «Кітапхана — қазына мекені» кеші. 

 Жалпы, кітапхана қызметі саналуан. Қазақстанда ресми түрде бекітілген атаулы күндер мен белгілі ақын-жазушылардың, ғалымдардың мерейтойларына арналған тақырыптық көрмелер ұйымдастырушы, әр оқырманның талап-тілегіне сай бағыт-бағдар беруші, кітап пен кітапхананы, ұлттық құндылықтар мен оқырман арасын жалғастырушы да кітапханашылар. 

 Кітапхана меңгерушісі Ляззат Омарованың айтуынша, кітапханада таңертеңнен қара кешке дейін отыратын оқырмандар аз емес екен. 

 — Кітапхана — оқырманның рухани талап-тілегін қанағаттандырады. Жақсы кітап ішкі мәдениетті қалыптастырады. Қазір жастар кітапханаға бармайды деген пікірлер жиі айтылып жатады. Керісінше, бүгінде жас та, жасамыс та, бала да, қария да кітап оқуға ден қоя бастаған. Тіпті, оқырмандардың басым бөлігін жастар құрайды, — дейді Ляззат Болатқызы. 

Дерекнама Отарқа
Авторлары Серікбай Д.
Кітапхана № 3 кітапхана-коммуникациялар ортылығы
Количество показов 29

Тізімге оралу


Қатысты мазмұны:


DB query error.
Please try later.