1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл — әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, бала құқығын қорғап, оларға қамқор болуға үндейтін мейрам.
Мерекеге орай қаламызда әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Солардың бірі — «Шахтер» саябағында өткен «Сіз бен біз бірге оқиық!» Ваlа Ғеst ойындар алаңшасы. Онда ертегілер жайлы қызықты сұрақтар қойылып, жауап берген бүлдіршіндерге сыйлықтар берілді. Сонымен қатар, алаңқайда көпшілік қалалық кітапхана қызметкерлері әзірлеген «Кітаптар әлемінде» көрмесінен түрлі кітаптармен танысып, ертегі кейіпкерлерімен безендірілген фотоаймақты тамашалады. Жиналғандардың көңіл-күйін көтеру үшін бірқатар викториналық ойын ұйымдастырылып, саябаққа гүлдермен сәнделген самокаттар, велосипедтер қойылды. Балалар олармен қалағанынша серуен құрды.
Мереке күні «Өнер» қалалық мәдениет сарайында «Біз бақытты баламыз» атты концерттік бағдарлама өтті. Балаларды мұнда ертегі кейіпкерлері қызықты ойындармен қарсы алды. Балалар акварель бояуларымен және трафареттермен сурет салды. Мерекелік концертте Солтүстік Каролина университетінің түлегі, «Қайнар» ББК-дегі «WellSреак» клубының жетекшісі Айдана Жұмабекованың бүлдіршіндерге дайындаған қызықты бейнематериалы көрсетілді.
Ал «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешенінде балаларға ашылған үйірмелердің жұмыстары жайлы бейнеролик көрсетілді. Солардың бірі — жаз бойы жұмыс істейтін «SТЕМ» зертханасының таныстырылымы. Зертхана бағдарламалау, роботтехника, ЗD модель-деу және дизайн, жаратылыстану эксперименттері мен математикалық ойлау модульдерін ұсынады. Бүгінгі таңда SТЕМ орталығы «Білімді ұлт — сапалы білім» ұлттық жобасын жүзеге асыратын маңызды орталық болып табылады. Мұнда оқушылар ЗD принтердің құрылғысын зерттей отырып тәжірибе жасай алады. Мерекелік шара «Очарование» үлгілі хореографиялық ансамблінің «Арманға сен» биімен мәресіне жетті.