• Читать @cbsekibas
  • Instagram

Екібастұз ОКЖ

Павлодар облысы Екібастұз қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

На русском

  • Негізгі
  • Кітапхана жүйесі
    • Жаңалықтар
    • Мақалалар
    • Кітапханалар
    • Қызметкер құрамы
    • Кәсіподақ комитеті
    • Галерея
    • Бейне және аудио
  • Қызмет
    • Өлкетану
    • Баспа қызметі
    • Мәңгілік полк
    • Ынталандыру клубтары
    • Кешенді мақсатты бағдарламалар
    • Әріптестік
  • Ресурстар
    • Жаңа түсімдер
    • Кітаптар
    • Журналдар
    • Газеттер
    • Мультимедиа
    • Авторлар
    • Баспалар
    • Рецензиялар
    • Пайдалы сілтемелер
  • Online арқылы кітапты ұзарту
  • Кері байланыс
  • Электрондық каталог
  • Экран дикторы



  • Кітапхана жүйесі
  •  → 
  • Мақалалар

Мақалалар

Ғұлама ғалым жайлы әңгімеледі

11.04.2024 05:04

Ғұлама ғалым жайлы әңгімеледі


Твитнуть
Поделиться
Плюсануть
Поделиться
Класснуть
Отправить

 Белгілі академик, геолог, алты жүзден астам ғылыми еңбектің авторы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдыгына орай «Атамұра» мәдениет орталығында «Халқым менен де биік» атты әдеби еске алу кеші өтті. 

 «Есімі ел жүрегінде сақталған ер бақытты» дейді халқымыз. Өнегелі өмірі көпке үлгі болатын, өлшеусіз еңбегімен, ақыл-парасатымен қалың жұртшылықтың қүрметіне бөленген тұлғаларымыз аз емес. Сондай тұлғалардың  бірегейі — академик Қаныш Сәтбаев. 

Әдеби іс-шараға №11 мектеп пен көптілді лицей оқушылары белсене қатысып, академик жайлы тың мағлұматтарымен алмасты. Қазақстанжазушылар одағының мүшесі, қоғам қайраткері Жұмағали Қоғабаев атақты геологтың өмір жолын отыз жылдай зерттегені жайлы біраз деректер айтып, сыр шертті. 

 — Қаныш Имантайұлы Сәтбаев — Қазақстан үшін айтулы тұлға, ғылымның, оның ішінде геологияның көрнекті тұлғасы болды. Өткен ғасырдың отызыншы жылдары Сәтбаев минералдардың түзілу заңдылықтарын зерттейтін металлогения ғылымының негізін салды. Оның есімі өзі ұзақ жылдар жетекшілік еткен ҚР Ұлттық ғылым академиясының геологиялық ғылымдар институтына, Алматы, Балқаш, Семей қалаларындағы көшелерге берілген. Халқымыздың рухани өміріндегі ерекше ұлы тұлға — Сәтбаевтың есімі жадымызда мәңгі сақталмақ, — дейді жазушы Жұмағали Қоғабаев. 

 Ал қалалық орталық кітапхана маманы Айнұр Елубаева ұлы тұлғаның кітап болып басылып шыққан көптеген еңбектері және естеліктерімен таныстырды. Ол Сәтбаевтың ғылымдағы геологтарды ғана емес, тарих-шыларды да қолдағанын атап өтті. Қазақ мәдениеті мен тарихына қызығушылық таныт-қан академик Сәтбаевтың этнограф Әлкей Марғұланмен бірлескен зерттеулеріне тоқталды. Оның айтуынша, Сәтбаев — ғылыми жағынан бөлек, шығармашылық әлеуеті де дамыған ұлы тұлға. Ғұлама ғалым көптеген ұлы, танымал адамдармен араласқан. Оның дәлелі — 1920 жылдардың аяқ шенінде Затаевич төл мәдениетіміздің білгірі Қаныш Сәтбаевтан жиырма бес әнді жазып алып, «Қазақтың 500 ән-күйі» дейтін жинағында сол әндерді нотасымен жариялаған. Еске алу кешін мектеп оқушылары Дихан Әбіловтің «Қаныш- жұлдыз» өлеңімен әсерлі қорытындылады. 

Дерекнама Отарқа
Авторлары Серікбай Д.
Кітапхана Орталық қалалық кітапханасы
Количество показов 35

Тізімге оралу


Қатысты мазмұны:


DB query error.
Please try later.