• Читать @cbsekibas
  • Instagram

Екібастұз ОКЖ

Павлодар облысы Екібастұз қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

На русском

  • Негізгі
  • Кітапхана жүйесі
    • Жаңалықтар
    • Мақалалар
    • Кітапханалар
    • Қызметкер құрамы
    • Кәсіподақ комитеті
    • Галерея
    • Бейне және аудио
  • Қызмет
    • Өлкетану
    • Баспа қызметі
    • Мәңгілік полк
    • Ынталандыру клубтары
    • Кешенді мақсатты бағдарламалар
    • Әріптестік
  • Ресурстар
    • Жаңа түсімдер
    • Кітаптар
    • Журналдар
    • Газеттер
    • Мультимедиа
    • Авторлар
    • Баспалар
    • Рецензиялар
    • Пайдалы сілтемелер
  • Online арқылы кітапты ұзарту
  • Кері байланыс
  • Электрондық каталог
  • Экран дикторы



  • Кітапхана жүйесі
  •  → 
  • Мақалалар

Мақалалар

Кітапханадағы сабақ

14.03.2024 10:21

Кітапханадағы сабақ


Твитнуть
Поделиться
Плюсануть
Поделиться
Класснуть
Отправить

Наурыз айының алғашқы күні алғыс естумен шектелген жоқ. «Өнер» мәдениет сарайының алдында тұр едім. Алдыңғы сапта мұғалімі бастап келе жатқан бір топ оқушы бері жақындады. Көптен бері бұлай тәртіппен топтасқан балаларды көрмегендіктен бе, қаздың балапанындай тізілген балалар назарымды аударды. 

 — Ассалаумағалей-кум! — деді қасымнан өте бере бір ұл бала күлімсірей. Мен де оларға ілестім. 

 — Сәлеметсіз бе? — деп амандасқандар да баршылық. Қуанып қалдым. 

 Мәдениет сарайының есігін ашқан балауса балақай: 

 — Кіріңіз! — деп, ізет білдірді. Егемен еліміздің жас шыбықтай желкілдеген жеткіншектері мәдениеттілік, үлгі-өнеге танытқаны жанымды жадырата түсті. 

 Жақсы ұстаз шәкірт санасының нұры, жарық шамы емес пе?! Білім мен өнер, ғылымның іргетасын қалау бастауыштан басталмай ма? Олар мәз-мейрам болып, көңілге қуаныш сыйлай ішке кірді. Бір құрдасым кездесіп, мен біраз бөгеліп қалдым. Артынша кітапханаға кірсем: ғажап! Әлгінде көрген оқушылар осында отыр! Қаз-қатар қойылған үстел басына тоғыз балдырған жайғасыпты, қалғандары оқырмандар қатарынан көрінді. Сұрастырып білсем, №18 мектептің 2 «А» сыныбының өрендері екен. 

 Кітапхана меңгерушісі Ләззат Болатқызы ұйымдастырып жатқан шарада ақын, жазушы Ербол Бейілханның «Күншалған» әңгімесін талдау көзделген. Ләззат Болатқызы әуелі автордың шығармаларымен таныстырып, шолу жасады. 

 — Кітап — асыл қазына, балалар әдебиеті — ұлт болашағы, — деді ол балақайларды ойландыра түсіп. Шынында да ана тілін, ауыз әдебиетін жетікмеңгерген бала ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, халықтық педагогиканы бойына сіңіріп өсері хақ. Басты кейіпкерлер — Сапар мен Жапар бейнесі туған жерді сүюге деген сезімді арттыра түсетіні даусыз. 

 Талданған шығарма — Ереймен тауындағы Күншалған тауының табиғатын көз алдыңа әкеліп, ерлікке баулитын көркем туынды. Күрделі тақырып түсінікті болуы үшін ұстаздары Анар Әйтімова шәкірттерін сұрақ беріп қолдап отырды. Кітапханашылар Айнагүл Құспекова мен Назым Досымханова әзірлеген Бөгенбай батыр бейнесі, таулардың суреті, арқар, жабайы таутеке, бүркіт тамаша көрнекілік болды. 

 Мұғалімдер осылайша сабақты түрлендіріп, қаламыздағы өзге рухани ресурстарды қолдана білсе, ұтарымыз мол болмақ.

Дерекнама Отарқа
Авторлары Дүйсенбайұлы Қ.
Кітапхана № 3 кітапхана-коммуникациялар ортылығы
Количество показов 40

Тізімге оралу


Қатысты мазмұны:


DB query error.
Please try later.