Оқырманның кітап оқуға деген қызығушылығын оятып, рухани мәдениетті көтеру мақсатында орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің жанында «Өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» атты буккросинг жобасы ұйымдастырылды.
«Буккросинг» қазақшаға аударғанда «кітап сыйлау» немесе «кітаптың айналыста жүруі» деген мағынаны білдіреді. Буккроссингті алғаш ойлап тапқан ғалым Рон Хорнбекер.
Буккроссингтің ережесі бойынша, кез-келген адам өзі оқып бітірген бір кітабын қойып кетеді, кейін бұл кітапты алған басқа адам оқып болған соң, орнына қойып қояды. Дәл осылайша үйлеріңіздегі оқып болған кітапты алып келіп, орнына оқымаған кітаптарды алуларыңызға болады. Бұл қоғамдық қозғалысқа қатысушыларды — «буккроссерлер» деп атайды екен.
Аталмыш жоба қала тұрғындарын әдебиет оқуға ғана баулымай, адам бойындағы жауапкершілік, тазалық сынды қасиеттерді де қалыптастыра түсері сөзсіз. Себебі, кітап сөресі еш бақылаусыз, ашық алаңда орналасқан. Оған әлем және қазақ әдебиеті классиктерінің еңбектері мен балалар әдебиетіне қатысты кітаптар қойылады. Кез-келген оқырман осы кітап сөрелерінен өзін қызықтыратын оқулықтарды тегін ала алады. Аталмыш жоба аясында қаламызда кітапқұмарлар саны көбейе түседі деп сенеміз.