• Читать @cbsekibas
  • Instagram

Екібастұз ОКЖ

Павлодар облысы Екібастұз қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

На русском

  • Негізгі
  • Кітапхана жүйесі
    • Жаңалықтар
    • Мақалалар
    • Кітапханалар
    • Қызметкер құрамы
    • Кәсіподақ комитеті
    • Галерея
    • Бейне және аудио
  • Қызмет
    • Өлкетану
    • Баспа қызметі
    • Мәңгілік полк
    • Ынталандыру клубтары
    • Кешенді мақсатты бағдарламалар
    • Әріптестік
  • Ресурстар
    • Жаңа түсімдер
    • Кітаптар
    • Журналдар
    • Газеттер
    • Мультимедиа
    • Авторлар
    • Баспалар
    • Рецензиялар
    • Пайдалы сілтемелер
  • Online арқылы кітапты ұзарту
  • Кері байланыс
  • Электрондық каталог
  • Экран дикторы



  • Кітапхана жүйесі
  •  → 
  • Мақалалар

Мақалалар

12.01.2023 05:50

Кітапхана азынап тұр


Твитнуть
Поделиться
Плюсануть
Поделиться
Класснуть
Отправить

«Өнер» мәдениет сарайының сол жақ бұрышында ішкерілей №3 кітапхана қоныс тепкен. Кітап, газет, журнал рухани байлық десек, бұл -оқырмандары толастамайтын іргелі де абыройлы ошақтың бірі. Кітапхана - балғындардың, оқушылардың, студенттердің жиі бас сұғатын, рухани қажетін табатын орны. 

 Жуырда кітап қоры жаңа басылымдармен толықты. Осында көпке танымал білікті, білімді әрі жүздері жылы мамандар еңбек етеді. Олар жоспарда белгіленген іс-шараларды дер кезінде өткізеді. 

  Әйтсе де «әттегенайы» сол, қыстың қызылшұнақ аязында мекеменің іші азынап тұрады. 

 Сұрастырып білсек, осы шаңырақтың жалпы ауданы 102 шаршы метрді құрайды. Аумағы көлемді мекеменің залын екі метрлік екі темір құбыр ғана жылытып тұр. Мұндағы жылу болар-болмас қана. Аязды күндері, желді боранда кітапханашылар сырт киіммен жұмыс істеуге мәжбүр. Бірер жыл бұрын ұсыныс жасалып, шойын батарея орнату мәселесі қозғалғанымен, сол кездегі биліктегілер, шаруашылық иелері еш әрекет жасамаған, мәселені сол күйі жаба салған сияқты. Кітапханадан шыға берісте екі араны тақтай қабырға ғана бөліп тұрған бөлме бар. Мұнда ұзын үстел мен орындықтар қойылған. Бұл жерде зейнеткер қарттар демалады, яғни, дойбы, шахмат ойнайды, кітапханада өтетін қоғамдық іс-шараларға белсене атсалысып жүр. Сонау жылдары ақсақалдар өтініш айтқаннан кейін басшылар ыңғайлы бөлме таба алмай, шыға берістен бөлме жасап құтылған сыңайлы. Жалындаған жастық шағында еліне еңбегі сіңген қарияларды шау тартқанда босағада отырғызу елдігімізге сын емес пе? Қазыналы қарияларға деген құрметіміз осы болғаны ма? 

 Кітапханадағы күрмеуі қиын екі мәселе шешімін тапса екен дейміз. 

Дерекнама Отарқа
Авторлары Дүйсенбаев Қ.
Кітапхана № 3 кітапхана-коммуникациялар ортылығы
Количество показов 48

Тізімге оралу


Қатысты мазмұны:


DB query error.
Please try later.