Әркімнің кіндік қаны тамған жері - жер жәннаты. Алтын бесік деп аялап жататынымыз да сондықтан. Екібастұз - өзіндік табиғи бітім-болмысымен дарала-натын, кесек тарихы, оқшау ерекшелігі бар, уақытпен бірге жаңғырып-жасарған мекеннің бірі.
Екібастұз қаласы адамдардың жүрегін өзіне тарта білетін керемет бір қасиетке ие. Соңғы жылдары мұнда көптеген көшелердің атауы өзгерді. Олар кенді өлке - Екібастұздың дамып, өсіп, көркеюіне үлес қосқан адамдардың есімдерімен аталады.
Қаланың 65 жылдық мерейтойына орай Екібастұз қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әзірлеуімен «Менің қалам, менің көшем...» интерактивті картасы іске қосылды. Картада 47 көше белгіленген. Бұл қала тарихында есімдері жазылған екібастұздықтардың атымен аталған көшелер, атап айтсақ: Т.Арбиев, М. Дүйсембаев, Мәшһүр Жүсіп, Ж.Мұқышев, Қ.Нұралин, Ж.Омашев, Қ.Пішенбаев, С.Шешембеков, Ә.Шәріпов, Е.Көшербаев және т.б.
Аталмыш интерактивті картада көше атауларымен қоса, көшеге есімдері берілген адамдардың өмірбаяндары, сондай-ақ, фотосуреттері ұсынылған.
Картаны: https://www.google.com/maps/d/u/0/edit?mid=1ZEMEI7Zntr5HA2aTijcWL5cCSOxNiWA&ll=51.7212084287... сілтемесі арқылы немесе: http://lib-ekb.kz/kz/ Екібастұз қ. ОКЖ сайтының басты бетінен табуға болады.