Қалалық орталықтандырылған кітапхана қорына жаңадан түскен кітаптар сан саланы қамтиды. Атап айтсақ, Луиза Хейдің «Өмірің өз қолыңда» кітабы (қазақ тіліндегі 100 бестселлердің бірі), Решат Нури Гүнтекиннің «Үзілген жапырақтар», «Беймаза бозторғай» шығармалары (үздік шетел классикасы), Памук Орханның «Жаңа өмір», «Үнсіз үй» туындылары, Кадзио Исигуроның «Жоғалтып алма сен мені» романы (Нобель сыйлығының иегерлері), Бекен Қайратұлының «Қазақия қалай отарланды?» кітабы (деректі-публицистикалық толғау), Кеңес Оразбекұлының «Жылыңды білесің бе?» туындысы, Александр Бектің «Арпалыс» таңдаулы шығармасы (гвардияшы-панфиловшылардың Москваны қорғаудағы ерлік істері жайында баяндалады), Хал Элродтың «Таң шапағаты» кітабы (№1 Халықаралық бестселлер), Дейл Карнегидің «Дос табу және адамдарға ықпал ету өнері» кітабы (халықаралық бестселлер, 100 қазақша бестселлер), Ермек Тұрсыновтың «Мәмлүк» кинороманы (ХІІІ ғасырда Мысырды билеген ас-Захр Бейбарыс жайлы баяндайды), Еңлік Әбдіқадырдың «Бриллиант Леди» кітабы, Оразақ Смағұловтың «Қазақтың айбарлы диссиденті» шығармасы (Мақмет Құлмағамбеттің өмір жолы), Сара Камеронның «Аштық жайлаған дала» (ашаршылық, озбырлық, және кеңестік Қазақстанды орнату), Ләйлә Сұлтанқызының «Әйел» кітабы. Орталық кітапхананың балалар бөлімі де балаларға арналған кітаптармен толықты. Атап айтсақ, Е.Елубаевтың «Төрт түлік сөздігі», С. Мұратбековтің «Жусан исі» (Қазіргі проза шеберлері), Озерен Сара Гюрбоздың «Ержүрек юнга: Америкадан Океанияға» шығармасы, Уида Нелло мен патраш (Отбасы хрестоматиясы), Ж.К. Роулиң Хәрри Поттер Дүние жүзі тарихы (Білім әлемі), Ежелгі дүние (Білім әлемі), Б.Қошым-Ноғай. Әліппе: оқу құралы, Балдырғандарға тақырып бойынша суретті үйретуші құрал: English, Е.Елубаев. Ойлан, тап: Есептер, санамақтар, ойындар, мысалдар, жұмбақтар, жаңылтпаштар, сабақтар және т.б.
Аталмыш кітаптар оқырманның танымын кеңейтіп, сан қилы оқиғалар ортасына сапар шегуге мүмкіндік береді.