Оқырманның кітап оқуға деген қызығушылығын оятып, рухани мәдениетті көтеру мақсатында орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің жанында «Өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» атты буккросинг жобасы ұйымдастырылды.
10 наурыз күні ақын-журналист, «Отарқа» газетінің негізін қалаушы, «Қазақстанның құрметті журналисі», марқұм Аманкелді Қаңтарбаев тірі болса, 80 жылдық мерейтойын атап өтер еді.
Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 34 жыл толды. Атаулы күнге орай №3 кітапхана - коммуникациялар орталығының қызметкерлері «Ауғанның отты жылдары» атты көркем фильм көрсетілімін ұйымдастырды.
Кітап - адам өміріндегі ең қажетті құндылық, ондағы білімді бойымызға сіңіріп, сол арқылы өз-өзімізді тәрбиелей аламыз. Сондықтан көп кітап оқып, жаныңызды рухани байыта түсіңіз.
17 қаңтар күні «Өнер» қалалық мәдениет сарайының коворкинг-орталығында Екібастұз медициналық колледжінің 1-2 курс студенттері медицина қызметкерлерімен кездесті.
«Өнер» мәдениет сарайының сол жақ бұрышында ішкерілей №3 кітапхана қоныс тепкен. Кітап, газет, журнал рухани байлық десек, бұл - оқырмандары толастамайтын іргелі де абыройлы ошақтың бірі. Кітапхана - балғындардың, оқушылардың, студенттердің жиі бас сұғатын, рухани қажетін табатын орны.
Биыл қазақ әдебиетінің көрнекті классигі Ғабиден Мұстафиннің туғанына 120 жыл толды. Осы орайда Екібастұз тарихи-өлкетану мұражайында «Ер егіз, еңбексіз жалғыз» атты әдеби еске алу кеші өтті.
Кешкі кітапхана жобасы аясында қаламызға танымал велотурист, өлкетанушы, Қазақстан ұлттық географиялық қоғамының Qazag Gеоgrарһу) және Павлодар география үйінің мүшесі, «8-миль» спорттық велотуризм орталығының басшысы Анатолий Пырликпен кездесу өтті.
Орталықтандырылған кітапханада өткен «Кешкі кітапхана» жобасына Екібастұз КВН филиалының директоры, «Біз қазақпыз» жайдарман тобының капитаны Ардақ Алдабергенов қатысты.
Таяуда «Атамұра» мәдениет орталығында Құлакөл және Сарықамыс ауылдық клубтары қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті ақыны Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына арналған «Өлең кернеп барады жүрегімді» атты әдеби кеші өтті.
29 сәуір - Халықаралық би күні. Бұл атаулы күнді 1982 жылы ЮНЕСКО бекітті. Халықаралық би күнін неге дәл осы күнге қойды? 29 сәуірде француз балетмейстері Жан-Жорж Новер дүниеге келген. І727-1810 жылдары өмір сүрген Жан Жорж Новерді жаһан жұрты «Балет өнерінің атасы» деп таниды.
«Артық білім - кітапта» дейді Абай хакім. Жақсы кітаптың жан азығы екені де анық. Журналист, қаламгер Сая Молдайыптың былтыр күзде баспадан жарық көрген «Биіктік» кітабы жаныңа азық сыйлайтын кітаптар қатарынан екендігіне оқыған адамның көзі жетеді.
Балалардың бос уақытын тиімді әрі қызықты өткізу мақсатында Әлкей Марғұлан ауылдық клубы мен ауылдық кітапхананың ұйымдастыруымен аталмыш бастауыш сыныптардың оқушыларына арналған «Бақытты балалық шақ» ойын-сауық бағдарламасы өтті.
3 наурыз күні орталық қалалық кітапхана қабырғасында ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Екібастұз қалалық «Отарқа» газетінің редакторы, тіл жанашыры Жанаргүл Әбдікәрімқызы Қадырованың «Ер әкеме ескерткіш» атты жаңа кітабының таныстырылымы өтті. Шараға ақынның жерлестері - Баянауыл ауданы Жұмат Шанин ауылының (бұрынеы «Южный» кеңшары) тұреындары, қаламгердің өлеңдерінің кейіпкерлері мен олардың ұрпақтары қатысты.
Екiбастұз қаласының Орталықтандырылған Кiтапханалық жүйесiнiң кiтапханаларының жұмыс шағылатын орыс және қазақ тiлдерiндегi аймақтық БАҚтардағы бап және жариялауы осы бөлiмде елестеткен.