• Читать @cbsekibas
  • Instagram

Екібастұз ОКЖ

Павлодар облысы Екібастұз қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

На русском

  • Негізгі
  • Кітапхана жүйесі
    • Жаңалықтар
    • Мақалалар
    • Кітапханалар
    • Қызметкер құрамы
    • Кәсіподақ комитеті
    • Галерея
    • Бейне және аудио
  • Қызмет
    • Өлкетану
    • Баспа қызметі
    • Мәңгілік полк
    • Ынталандыру клубтары
    • Кешенді мақсатты бағдарламалар
    • Әріптестік
  • Ресурстар
    • Жаңа түсімдер
    • Кітаптар
    • Журналдар
    • Газеттер
    • Мультимедиа
    • Авторлар
    • Баспалар
    • Рецензиялар
    • Пайдалы сілтемелер
  • Online арқылы кітапты ұзарту
  • Кері байланыс
  • Электрондық каталог
  • Экран дикторы



  • Кітапхана жүйесі
  •  → 
  • Мақалалар

Мақалалар

Сайлаушылар депутатқа риза

05.12.2019 15:56

Сайлаушылар депутатқа риза


Твитнуть
Поделиться
Плюсануть
Поделиться
Класснуть
Отправить

Екібастұз қалалық мәслихатының депутаты Манат Алғамбаровтың есімі жақсы істерімен жұрт аузында жүр. Солнечный кенті кітапханасында ұйымдастырылған кездесуде кітапханашы Жұмабике Қайырбекқызы халық қалаулысының өз аманатына мейлінше адал қарайтынын айтып, Манат Қажыбекұлының тікелей ұйытқы болуымен атқарылған қадау-қадау істер жайлы баяндап берді. Соның ішінде Солнечный кентіне қатысты игі істер де аз емес. 

Атап айтсақ, депутат кентте жаңа қазақ мектебінің салынуына атсалысып, кент ішін көріктендіруге, көше жолдарын жөндеуге бюджеттен қаржы бөлінуі мәселесін көтерген. Кездесуде әңгімеге араласқан еңбек ардагері Клара Садықова депутаттың «Ақ ниет» ансамблі өнерпаздарына сахналық костюм тіктіруге қаражат бергенін, ал Абай атындағы №28 қазақ мектебінің директоры Айман Қабиқызы оқушылардан құралған КВН командасына демеушілік жасағанын ризашылықпен айтты. Сонымен қатар, осы мектептің ата-аналар қамқоршылық кеңесінің төрайымы Салтанат Құсайынова сөз алып, халық қалаулысына кеңес атынан өтініш білдірді. Манат Қажыбекұлы бұл өтінішті құп көріп, мектепке қаражатпен кө-мектесуге уәде берді. 

Кездесуде, сондай-ақ, кенттегі бос ғимараттарға, тұрғын үй кезегіне, кәсіпкерлікке қатысты бірқатар мәселе көтерілді. Кент әкімі Нұрберген Сейілханов пен қалалық мәслихат депутаты Манат Алғамбаров аталмыш мәселелер төңірегінде алдағы жылы атқарылатын іс-шаралар жайлы айтып, жас кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың игілігі туралы түсінік берді.  

Жалпы, сайлаушылар алдындағы есеп беру екі жақты сый-ластықпен өтіп, жиналған қауым Манат Қажыбекұлын келешекте облыстық мәслихат депутаты ретінде көргісі келетіндіктерін де айтып қалды.

Дерекнама Отарқа
Авторлары Жәлелұлы Ж.
Кітапхана № 6 кітапхана-коммуникациялар орталығы
Количество показов 103

Тізімге оралу


Қатысты мазмұны:


DB query error.
Please try later.