• Читать @cbsekibas
  • Instagram

Екібастұз ОКЖ

Павлодар облысы Екібастұз қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

На русском

  • Негізгі
  • Кітапхана жүйесі
    • Жаңалықтар
    • Мақалалар
    • Кітапханалар
    • Қызметкер құрамы
    • Кәсіподақ комитеті
    • Галерея
    • Бейне және аудио
  • Қызмет
    • Өлкетану
    • Баспа қызметі
    • Мәңгілік полк
    • Ынталандыру клубтары
    • Кешенді мақсатты бағдарламалар
    • Әріптестік
  • Ресурстар
    • Жаңа түсімдер
    • Кітаптар
    • Журналдар
    • Газеттер
    • Мультимедиа
    • Авторлар
    • Баспалар
    • Рецензиялар
    • Пайдалы сілтемелер
  • Online арқылы кітапты ұзарту
  • Кері байланыс
  • Электрондық каталог
  • Экран дикторы



  • Кітапхана жүйесі
  •  → 
  • Мақалалар

Мақалалар

03.10.2019 17:08

Ғалымның хаты өлмейді


Твитнуть
Поделиться
Плюсануть
Поделиться
Класснуть
Отправить

Серік Жақсыбаев - өлкетанушы, ғалым, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Сексеннің сеңгіріне шықса да өмірінің соңына дейін қаламын қолынан тастамаған Серік Имантайұлының есімі Екібастұз жұртшылығына етене таныс. 

Хадисте «Адам қайтыс болғанда, амалы тоқтайды. Тек үш жолмен (сауап) үздіксіз барып тұрады. Олар: тоқтаусыз садақа (ел игілігі үшін салған көпірі, мешіті, медресесі, мектебі, ауруханасы, т.б.), артынан қалған ізгі ұрпағының дұғасы, пай-далы ілімі» делінген. Осындай амал иесі Серік Имантайұлы білгенін, зерттегенін, көңілге түйгенін 70-тен аса ғылыми еңбек, 3 монография, онға жуық кітап етіп шығарған. Ғалым соңғы әрі түйінді сөзін «Ғылым Құраннан басталады» кітабында жазып кеткен-ді. 

С.Жақсыбаев өңірдің ғана емес, жалпы қазақ жерінің тарихына ден қойып, тың деректер жинаумен айналысты. Жүрген жерінде архив ақтарып, қазаққа қатысты дүниені түртіп алады екен. Соның бірі - «Бұқар жырау мен Байық шешеннің айтысы» деген еңбегінде Бұқардың башқұрт шешенімен сөз қағыстыруын жеткізіпті. «Абайдың соңғы өлеңі» деген мақаласында Ниязбек атты шырақшыдан Абайдың бақилық болар алдында шығарған өлеңін жазып алған. Бұл - өлкетанушы ғалымның ел тарихына қосқан үлкен үлесі. 

Серік Имантайұлы Екібастұз қаласының мерейтойы қарсаңында қалалық тарихи-өлкетану музейіне өзі жинаған құнды жәдігерлерді сыйға тартқан екен. Соның ішінде 1900 жылы француз тілінде шыққан Жорж де Кателеннің былғары мұқабалы кітабы бар. Бұл - Екібастұз туралы деректер жазылған алғашқы кітаптардың бірі. Бұдан басқа, Иван Тургеневтің шығармаларын (ІХ том, 7-басылым, Петроград. - 1915), 1985 жылы Герман Демократиялық Республикасында жарық көрген «Erika» портативті жазу машинкасын да музейге өткізіпті. Ақсақал көптеген ғылыми еңбектері мен мақалаларын осы машинкамен басыпты. Ғұмырының соңына қарай қолындағы бар жазғанын, жиған-тергенін қалалық архивке өткізіпті. 

Қалалық кітапханада С.Жақсыбаевтың 85 жылдығына арналған еске алу кеші өткізілді. Зайыбы Шолпан апай Серік Имантайұлының өмірінен керемет естеліктер айтты. Шара барысында ақындар: Жұмағали Қоғабаев, Сайлау Байбосын, Ерболат Әміренов сөз алды. Музей басшысы Салтанат Ордабаева ғалымның өңір тарихына қосқан үлесін ерекше атап өтті. 

Кітапхана қызметкері Күнтай Карекина С.Жақсыбаевтың кітап көрмесін таныстырды. Евгения Щебетун ғалымға арналған сайттың тұсауын кесті. 

- Серік Имантайұлы кітапханамен тығыз қарым-қатынаста болды. Үнемі жаңалықтарымен бөлісіп, «шығармаларымды көпшілік, әсіресе, жас ұрпақ оқысын, өлке тарихын біліп жүрсін» деуші еді. Оның 85 жылдығына біз керемет сыйлық жасауды ұйғарып, сайтқа зерттеулерін, ғылыми мақалаларын, т.б. орналастырамыз деп шешкенбіз. Мұны ғалымның көзі көріп кетпегені өкінішті,- деген Е.Щебетун залдағы оқырманға сайтты ашып көрсетті.

Дерекнама Отарқа
Авторлары Медеубайтегі Г.
Кітапхана Орталық қалалық кітапханасы
Количество показов 104

Тізімге оралу


Қатысты мазмұны:


DB query error.
Please try later.