• Читать @cbsekibas
  • Instagram

Екібастұз ОКЖ

Павлодар облысы Екібастұз қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

На русском

  • Негізгі
  • Кітапхана жүйесі
    • Жаңалықтар
    • Мақалалар
    • Кітапханалар
    • Қызметкер құрамы
    • Кәсіподақ комитеті
    • Галерея
    • Бейне және аудио
  • Қызмет
    • Өлкетану
    • Баспа қызметі
    • Мәңгілік полк
    • Ынталандыру клубтары
    • Кешенді мақсатты бағдарламалар
    • Әріптестік
  • Ресурстар
    • Жаңа түсімдер
    • Кітаптар
    • Журналдар
    • Газеттер
    • Мультимедиа
    • Авторлар
    • Баспалар
    • Рецензиялар
    • Пайдалы сілтемелер
  • Online арқылы кітапты ұзарту
  • Кері байланыс
  • Электрондық каталог
  • Экран дикторы



  • Жобалар
  •  → 
  • Екiбастұз өлкесiнiң өлке тануы
  •  → 
  • Тарих

Екiбастұз өлкесiнiң өлке тануы

30.06.2022

«Өлеңтіде - ауылым» әнінің тарихы


Твитнуть
Поделиться
Плюсануть
Поделиться
Класснуть
Отправить

«Айырмасын халқымды бірлігінен, 

Жақсылықтар болсыншы үлгі кілең. 

Қанат қаққан төсіңнен бір ұлыңмын, 

Саған мәңгі байланған кіндігінен, туған ел!». 

Бұл өлең - сар дала төсінде ән боп аққан өзен бойын жайлаған Өлеңтіге арналған. Мәтіні мен нотасы басылған қағазда «Бұл ән қазақтың үлкен жүректі азаматы, қымбатты Серік Тельманұлы Сәдуақасов мырзаға арналады. Зор құрметпен, ән авторы Қ.Маханов. 23.10.2010 ж.» деген автограф бар.

ҚР Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, күйші, композитор, өнер зерттеуші Қайыржан Маханов сазын жазған ән мәтіні белгілі ақын Қонысбай Әбіловтікі. Әрине, екі автордың да Өлеңтіні көзбен көрмегені анық, десе де ауылды перзентіне қарап әнге айналдыруында бір гәп бар. Себебі Өлеңті - өз өрендерінің бойына туған жерге деген махаббатты дарыта білген, қырандарын қияға самғата білген ауыл. Сондай өрендерінің бірі жоғарыдағы «Өлеңтіде - ауылым» әнінің тууына себепкер болған Серік Тельманұлы болса керек.

Серік Сәдуақасовтың Өлеңті ауылында мешіт салғанын, мектепке заманауи мұғалімдер бөлмесін сыйға тартқанын біреу білсе, біреу білмес. Бұл жолы да Серік Тельманұлы ауыл мерейтойына орай жарық көрген «Өлке тәжі - Өлеңті» кітабына демеушілік үлес қосты.

Ал ауыл азаматына арналғанымен, от кеуделі өрендердің туған мекеніне деген махаббатының жаршысына айналған осынау әнді өлеңтіліктер алғаш рет тыңдады. «Жайқоңыр» ансамблінің сүйемелдеуімен нақышына келтіре орындаған - Мұхит Нұрбол. Әннің тыңдарман көңілінен шығуы үшін Естай атындағы балалар музыка мектебінің өнерпаздары және директоры Медғат Манапов та еңбек сіңіргенін атап өткен жөн. Атап өтерлігі, бұған дейін бұл ән астананың «Конгресс Холлында» шырқалды.



Издание Отарқа
Стр. 5

Тізімге оралу


Қатысты мазмұны:


DB query error.
Please try later.