Таяуда «Шахтер» стадионында футболдан шоу-матч өтті. Онда астаналық «Опе Сате» командасы кеншілер қаласының «МҒС АҒ» командасына қарсы ойнады.
Бір сәт ғаламтордан алаңға шыққан командаларды қолдауға үш мыңға жуық көрермен жиналғаны көрсетілді. Аталмыш ойынды қала әкімі Аян Бейсекин де тамашалады.
Футбол шоуы қала әкімдігінің қолдауымен, сондай-ақ, облыстық мәслихат депутаты Лейла Қасыманованың, «Гидропром» ЖШС, «Елтау» қонақ үйі кешенінің демеушілігімен өтті.
Ақпараттық серіктес — «Ертіс Медиа» болып табылады.
Командалар — құрамында спорт және шоу-бизнес жұлдыздары да ойнады. Атап айтар болсақ, Фабиньо, Мэттью, Лиха сынды миллиондаған аудиториясы бар блогерлер үздік ойын өрнегін көрсетті.
Бірінші таймда тәжірибелі қонақтар ойын есебін ашып, шеберлік көрсетсе, «МҒС АҒ» командасы екінші таймда жинақы ойнап, есепті теңестіре алды. Осыдан соң есеп өзгерген жоқ және матч пенальти сериясымен (5:4) аяқталды. Тартысты өткен доп додасында «Оnе Gаmе» командасы жеңімпаз атанып, қала әкімінің кубогына ие болды. Ал «МҒС АҒ» командасының қақпашысы Бекасыл Егеубай «Ең үздік ойыншы» деп танылды.