Жақында Өзбекстан астанасы -Ташкентте таэквондодан Орта Азия чемпионаты өтті. Сол бәсі биік додада еліміздің құрама командасының сапында сегіз бірдей екібастұздық спортшы бақ сынады. Сайдың тасындай іріктелген сегізі де чемпионаттан жүлделі оралды. Атап айтар болсақ, Камила Абильденова (№25 қазақ қыздар гимназиясы, 9 «Б» сынып), Дінмұхамед Түбекбай (ОКСЛИ, 10 «А» сынып), Максим Бедин (№10 ОМ, 8 «А» ынып) 2-орынды иеленді. Ал Алина Самбуева (№2 ОМ, 11 «А» сынып), Елизавета Бедина (№1 лицей-мектебі, 11 «А» сынып), Алина Шакилова (№10 ОМ, 9 «Б» сынып), Рафаел Чичоян (№10 ОМ, 11 «Б» сынып), Расул Шакилов (№10 ОМ, 6 «Д» сынып) үшінші жүлдені еншіледі.
Жеңіс тұғырынан көрінген спортшыларымызды жарысқа Азамат Шакилов дайындаған екен.