• Читать @cbsekibas
  • Instagram

Екібастұз ОКЖ

Павлодар облысы Екібастұз қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

На русском

  • Негізгі
  • Кітапхана жүйесі
    • Жаңалықтар
    • Мақалалар
    • Кітапханалар
    • Қызметкер құрамы
    • Кәсіподақ комитеті
    • Галерея
    • Бейне және аудио
  • Қызмет
    • Өлкетану
    • Баспа қызметі
    • Мәңгілік полк
    • Ынталандыру клубтары
    • Кешенді мақсатты бағдарламалар
    • Әріптестік
  • Ресурстар
    • Жаңа түсімдер
    • Кітаптар
    • Журналдар
    • Газеттер
    • Мультимедиа
    • Авторлар
    • Баспалар
    • Рецензиялар
    • Пайдалы сілтемелер
  • Online арқылы кітапты ұзарту
  • Кері байланыс
  • Электрондық каталог
  • Экран дикторы



  • Жобалар
  •  → 
  • Екiбастұз өлкесiнiң өлке тануы
  •  → 
  • Дене тәрбие және спорт

Екiбастұз өлкесiнiң өлке тануы

04.11.2021

«Екібастұз» жеңіске жетті


Твитнуть
Поделиться
Плюсануть
Поделиться
Класснуть
Отправить

Футболдан бірінші лига командалары арасында өткен Қазақстан чемпионаты аяқталды. Қонақ команда «Мақтаралдың» премьер-лигага шығуы анық болса да, ойын соңына дейін тартысты өтті. Өйткені екібастұздық ойыншылар өз жанкүйерлері алдында жеңіске жетуі тиіс болатын.

Ойынның бірінші бөлімі тартысты өтті. Қос команда да алма-кезек шабуылға көшіп, ойында алға шығуға ұмтылды. Десек те командалар ұтымды сәттерді тиімді пайдалана алмады. Ойынның алғашқы бөлімі тең аяқталып, қос команда демалуға кетті.

Үзілісте қала әкімі Ардақ Қаңтарбаев 2005-2007 жылдары туған жасөспірімдердің бірінші және екінші лига ко-мандалары арасында өткен Қазақстан чемпионатының күміс және қола медаль жүлдегерлерін марапаттады. Сондай-ақ, өз топтарында сұрмерген атанған Арман Варданян (2005) мен Еркін Әлімжан (2007) арнайы сыйлықтармен марпатталды. Өз кезегінде клуб басшылығы қала әкіміне клуб футболкасын табыстап, естелік сыйлық сыйлады.

Үзілістен соң «Екібастұз» командасының ойыншылары шабуылды күшейте түсті. Үзіліс уақытында жаттықтырушы Сергей Якушин шәкірттеріне ойын өрнегін өзгертуді тапсырған сыңайылы. Кезекті шабуылдардың бірінде команданың тәжірибелі ойыншысы Асланбек Кәкімов қарсылас қақпашысын қапы қалдырып, гол соқты. Бұл ойынның 70-минуты болатын. Қалған уақытта қос команда қанша шабуылдаса да, есебін өзгерткен жоқ. Со-нымен, соңғы турда жеңіске жеткен екібастұздықтар есесін қайтарды. Өйткені Мақтаралда өткен ойында 1:0 есебімен жергілікті команда жеңімпаз болған еді.


Автор Алданов Қ.
Издание Отарқа
Стр. 16
Файл Загрузить

Тізімге оралу


Қатысты мазмұны:


DB query error.
Please try later.