1995 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылып, 19 қазан Құтқарушылар күні болып белгіленді. Осы мерекеге орай қалалық әкімдікте өткен салтанатты шарада қала әкімі Аян Бейсекин ізгі лебізін білдіріп, сала ардагерлері мен қызметкерлерін марапаттады.
Атап айтқанда, «Екібастұз қаласына - 65 жыл» мерейтойлық медалімен -Екібастұз қаласы төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Дәулет Көкенов; Екібастұз қаласы төтенше жағдайлар кеңесінің төрағасы Жүсіпбек Жарқынбеков; Екібастұз қаласы құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы Рүстем Молдағалиев марапатталды.
- Биылғы жыл өте ауыр болды. Әсіресе, жол бойында түрлі жағдайлар орын алды. Сондай кезде адамдарды аман-есен құтқарып алып шыққанда, іштей риза боласың. Алғысын айтатындар да өте көп. Барша әріптестерімді мерекемен құттықтаймын, - дейді Екібастұз қаласы құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы Рүстем Рамазанұлы.
Бұдан бөлек, қызметтік міндеттерін адал орындағаны, төтенше жағдайдың алдын алу мен жоюдың қалалық жүйесін дамытуға және нығайтуға қосқан үлесі үшін Екібастұз қаласы әкімінің Алғыс хатына ие болғандар: Екібастұз қаласы өрт сөндіру қызметінің ардагері Александр Девятов; «Павлодар облысы ТЖД өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі Екібастұз қаласы құтқару бөлімшесінің құтқарушылары Нұрсұлтанбек Балғынбек, Бекзат Жәкен; «Павлодар облысы ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізушілері Ерлан Сәрсенбаев, Жанболат Тәукенов; №6 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Тимур Қиянбеков; №6 өрт сөндіру бөлімінің газ-түтін қорғау қызметінің аға шебері Алмаз Олжабаев; №14 өрт сөндіру бекеті бөлімшесінің командирлері Жұлдыз Құсайынов, Мұрат Таев.