• Читать @cbsekibas
  • Instagram

Екібастұз ОКЖ

Павлодар облысы Екібастұз қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

На русском

  • Негізгі
  • Кітапхана жүйесі
    • Жаңалықтар
    • Мақалалар
    • Кітапханалар
    • Қызметкер құрамы
    • Кәсіподақ комитеті
    • Галерея
    • Бейне және аудио
  • Қызмет
    • Өлкетану
    • Баспа қызметі
    • Мәңгілік полк
    • Ынталандыру клубтары
    • Кешенді мақсатты бағдарламалар
    • Әріптестік
  • Ресурстар
    • Жаңа түсімдер
    • Кітаптар
    • Журналдар
    • Газеттер
    • Мультимедиа
    • Авторлар
    • Баспалар
    • Рецензиялар
    • Пайдалы сілтемелер
  • Online арқылы кітапты ұзарту
  • Кері байланыс
  • Электрондық каталог
  • Экран дикторы



  • Жобалар
  •  → 
  • Екiбастұз өлкесiнiң өлке тануы
  •  → 
  • Соғыс ғылымы және төтенше жағдай

Екiбастұз өлкесiнiң өлке тануы

24.10.2019

Үшаралға аттанды


Твитнуть
Поделиться
Плюсануть
Поделиться
Класснуть
Отправить

Екібастұздық 10 жасөспірім Отан алдындағы борышын өтеу үшін Алматы облысындағы Үшарал әскери бөліміне аттанды. Қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлім ғимараты алдында өткен жиында ауған соғысының ардагерлері болашақ сарбаздардың рухын қайрап, туған-туыстары сәт сапар тілеп шығарып салды.
Жасақтау бөлімшесінің бастығы Дәурен Мамасиновтың айтуынша, екібастұздықтар әуе-десант әскерінің қатарына қосылмақ. Бұл жыл басынан бергі 10-шы жөнелтілім екен. Ауған соғысының ардагерлері Мұстафа Абдрашимов пен Саттар Мешітбаев әскери кезеңнің адам өміріндегі алар орны ерекше екенін атап өтті. Өйткені әскери қызмет жас бозбалаларды шымыр етіп, рухын бекітеді. Жақсы сарбаз ғана ел басына күн туса, Отан алдындағы парызын адал өтей алады.

Қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі бастығы Ержан Ибраев әуе-десант әскеріне қатарына қабылдану үлкен абырой екенін айтты. Немересін шығарып салуға келген 82 жастағы Күләтай Кәрімова жастарға ақ батасын берді.

- Әлішер есімді немерем -22 жаста. Оқуын ойдағыдай тәмамдап, әскер қатарына аттанып барады. Аллаға шүкір, 5 ұлымның барлығы да екі жыл Отан алдындағы борышын қорғаған. Немерем де сол абыройлы жолды жалғап, аман-есен ортамызға оралуына тілектеспін, - деді Күләтай апай.

Автор Қожанов О.
Издание Отарқа
Стр. 5

Тізімге оралу


Қатысты мазмұны:


DB query error.
Please try later.