Жасұлан Төлеутеміров — бала күнінен тәртіп сақшысы болуды армандаған жастардың бірі. Ақтоғай ауданы Мүткенов ауылында дүниеге келген ол мектеп бітірген соң, Павлодар қаласындағы №5 кәсіптік-техникалық училищеге оқуға түседі.
1993 жылы дипломын қолға алғанымен бала кезіндегі арманы жетелеп, Павлодар мемпекеттік университеті жанындағы колледждің заңгерлік мамандығына қүжаттарын тапсырады. 2007 жылы оқуды тәмамдаған соң, Қазақстан-Ресей университетінде білімін жалғастырады.
Қаламыздағы мамандандырылған Күзет қызметінде еңбек етіп келе жатқанына да ширек ғасырдан асыпты. Қазіргі уақытта взводты басқарады. Шені — майор.
Жасүлан Қайкенұлы бейнетке толы, тынышсыздау, күн-түн демей сапырылысқан жолды таңдағанына еш өкінбейді. Оның ең басты мақсаты — елге адал қызмет ету, халықтың тыныштығын күзету.
Кейіпкерімізбен әңгіме барысында оның кісілік келбеті тәнті етті. Зейнеткерлік жастағы әкесі ауыр сырқатқа шалдыққан көрінеді. Келіншегі Нүргүл екеуі ақсақалдың бабын тауып, күтіп- бағып отыр. Шығармашылыққа жақын әкесі кейде көңіліндегісін қағазға түсіріп, ара-түра өлең де жазады. Жасұлан шаруасы қауырт болса да уақыт тауып, әкесін қолдап, дем беріп қояды.
Ерлі-зайыптылар осындай ізгілікті ісімен екі баласы — бүгінде студент Алмас пен Әсемгүлге ата-ана сыйлаудың жарқын үлгісін көрсетіп отыр.