• Читать @cbsekibas
  • Instagram

Екібастұз ОКЖ

Павлодар облысы Екібастұз қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

На русском

  • Негізгі
  • Кітапхана жүйесі
    • Жаңалықтар
    • Мақалалар
    • Кітапханалар
    • Қызметкер құрамы
    • Кәсіподақ комитеті
    • Галерея
    • Бейне және аудио
  • Қызмет
    • Өлкетану
    • Баспа қызметі
    • Мәңгілік полк
    • Ынталандыру клубтары
    • Кешенді мақсатты бағдарламалар
    • Әріптестік
  • Ресурстар
    • Жаңа түсімдер
    • Кітаптар
    • Журналдар
    • Газеттер
    • Мультимедиа
    • Авторлар
    • Баспалар
    • Рецензиялар
    • Пайдалы сілтемелер
  • Online арқылы кітапты ұзарту
  • Кері байланыс
  • Электрондық каталог
  • Экран дикторы



  • Жобалар
  •  → 
  • Екiбастұз өлкесiнiң өлке тануы
  •  → 
  • Құқық қорғау саласы

Екiбастұз өлкесiнiң өлке тануы

23.06.2022

Біздің жұмысымыз - балаларды қорғау


Твитнуть
Поделиться
Плюсануть
Поделиться
Класснуть
Отправить

Кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспектор Тахир Қалимулдиновтың осы салада еңбек етіп жүргеніне ширек ғасырға жуық уақыт болыпты. Оның қызметінің өзі белгілі бір жүйеге құрылған: рейдтер, тексерулер, әңгімелесу. Негізгі бағыттардың бірі - педагогтарды, әлеуметтік қызметкерлерді, ата-аналарды, мектептегі учаскелік инспекторларды қатыстыра отыра түрлі алдын алу шараларын жүргізу.

Алайда жасөспірімнің өзімен және ата-анасымен жеке кездесіп, сөйлескенде ғана істің оң нәтиже беретініне көзі әбден жеткен. Кәмелеттік жасқа толмаған бала қандай қиын жағдайға тап болғанымен қылмыстық іске тартылмаса, учаскелік инспектордың жұмысының жемісі деп санауға болады.

- Бөтен бала деген ұғым жоқ, - дейді Тахир Қалимулдинов әңгімесін сабақтап, - менің тәжірибемде мынадай оқиға болды, баланың әке-шешесін ата-аналық құқығынан айырды. Баланы әке-шешесінен бөліп әкеткенде, бұл көрініске қараудың өзі ауыр еді. Ол үшін маскүнем бе, қылмыскер ме - әке-шешенің орны бір бөлек. Алайда сот баланың келешегі үшін осындай шешім шығарды. Ішер ас, киім-кешектен басқа балаға керегі - ата-анасының жылуы, қамқорлығы. Жоғарыдағы оқиға қайталанбасын деп алдын алу жұмыстарына айрықша мән беріп, түтіні түзу шықпайтын ата-аналардың үйіне жиі барамыз. Балаларынан ажырап қалған кейбір ата-аналар есін жинап, қалыпты өмірге оралып жатады. Біз оларға шамамыз келгенше қолдау көрсетіп, отбасымен қайта қауышуына көмектесеміз.

Жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол салушылық аракідік көрініс беріп жатады. Мұндайда полиция қызметкерлері де, пси-хологтар да ата-анасы баланың жан дүниесіне үңіліп, оларды жалғызсыратпай, қасында көбірек болыңыз дейді. Қоғамды жас балаларға азғындық жасауға ұмтылатын педофилдер де алаңдатып отыр.

«Туған әкесі қызын 9 жасынан сегіз жыл бойы зорлап келген. Қоқан-лоққыдан зәрезап болған анасы полиция көмегіне жүгінуге дәті бармаған. Пәтерде қызына айуандық әрекет жасалып жатқанда, төменгі қабатта бала-сын құшақтап тұратын көрінеді. Отбасындағы жағдайды қыз бала оқитын мектептің педагогтары, психологтары әшкереледі. Психолог «Менің отбасым» деген тақырыпта сурет салдырғанда, қыз бала анасын қызылды-жасылды әдемі көйлекте бейнелесе, әкесін құбыжық бейнесінде көрсетеді екен. Әркез парақтарды жинағанда, қыздың қара түсті бояумен салған суреті психологтың назарын аударады. Жасөспірімнің іс-қимылын бақылауға алған психолог оның психологиялық күйзелісте жүргенін аңғарады. Ол баланы алып қалып, әңгімеге тартады, сеніміне кіріп, сыр суыртпақтайды. Жасөспірім қыз мұғаліміне жылдар бойы сақтап жүрген құпиясын ашады. Дәрігерлердің көмегіне сүйеніп, жасөспірімді медициналық тек-серуден өткізген кезде күдік расталады. Озбыр әкені заңды негізде жауапкершілікке тарту үшін анасының арызы қажет. Жасөспірімнің шешесі бұл жолы да тәуекел ете алмағандықтан нағашы әжесінің өтінішімен қылмыстық іс қозғалды», - дейді Тахир Болатұлы әнебір жылдары елді дүрбелеңге салған оқиғаны еске алып.

Балаларға азғындық жасау әрекеті мұнымен тыйылған жоқ. Бірер жыл бұрын педофилдің бастауыш сыныпта оқитын қыз балаға тиіскені туралы хабар ел арасында жылдам тараған-ды. Кәмелеттік жасқа толмағандар ісі және қылмысты іздестіру бөлімдерінің қызметкерлері жұмылып, әлгі педофилдің ізіне түседі. Іздестіру кезінде әлеуметтік желілер мен жергілікті газет, телеарна арқылы ата-аналарға балаларына сақ болу жөнінде құлақтандыру беріледі. Дер кезінде әрекет еткеннің арқасында педофил алысқа ұзамай, құрықталады. Қазіргі уақытта күшейтілген режимдегі мекемеде жазасын өтеп жатыр.

«Жасөспірімдік кезеңдегі қайсыбір балалар заңды жиі бұзады. Қылмыс жасаудан тартынбайтындары да бар. Бұл жерде баланы жазалағанмен ештеңе өнбейді, ақ-қарасын айырып, неден жаңсақтық кеткенін өзіне түсіндіру қажет. Сондайда инспектордың, педагогтың, психологтың рөліне енеміз. Бала сенің шын жанашыр екеніңді сезсе, түзу жолға түседі. Кешегі күні қияңқылығымен тыныштықты бұзған жасөспірімдердің көп-шілігі бүгінде үйлі-баранды. Келіншегімен, баласымен кездестіргенде, жылы амандасады. Қайсыбірі «сіздің арқаңызда осындай дәреже жеттім» дегенде марқайып қаламын», - дейді инспектор.

Кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі бөлім қызметкерлері педагогтармен бірлесіп мектептерде құқық саласында дәріс өткізіп, заңдық нормаларды, құқық бұзған жағдайдағы жауапкершілік турасында кеңінен түсіндіреді. Осы және басқа шаралар мектеп өмірінің ішкі тәртібін қолдауды, қауіпсіз білім беру процесін жүзеге асыруды, қауіп факторларын және балалар ортасында ерекше жағдайлардың туындауын болдырмауды жалғастыруда.


Автор Ертайқызы Д.
Издание Отарқа
Стр. 7
Файл Загрузить

Тізімге оралу


Қатысты мазмұны:


DB query error.
Please try later.