• Читать @cbsekibas
  • Instagram

Екібастұз ОКЖ

Павлодар облысы Екібастұз қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

На русском

  • Негізгі
  • Кітапхана жүйесі
    • Жаңалықтар
    • Мақалалар
    • Кітапханалар
    • Қызметкер құрамы
    • Кәсіподақ комитеті
    • Галерея
    • Бейне және аудио
  • Қызмет
    • Өлкетану
    • Баспа қызметі
    • Мәңгілік полк
    • Ынталандыру клубтары
    • Кешенді мақсатты бағдарламалар
    • Әріптестік
  • Ресурстар
    • Жаңа түсімдер
    • Кітаптар
    • Журналдар
    • Газеттер
    • Мультимедиа
    • Авторлар
    • Баспалар
    • Рецензиялар
    • Пайдалы сілтемелер
  • Online арқылы кітапты ұзарту
  • Кері байланыс
  • Электрондық каталог
  • Экран дикторы



  • Жобалар
  •  → 
  • Екiбастұз өлкесiнiң өлке тануы
  •  → 
  • Құқық қорғау саласы

Екiбастұз өлкесiнiң өлке тануы

17.06.2021

Халық ұнатқан инспектор


Твитнуть
Поделиться
Плюсануть
Поделиться
Класснуть
Отправить

Учаскелік полиция инспекторы - жаратылысынан сабырлы жандарға арналған мамандық. Ішкі істер саласының күрделі бағытына жататын бұл жұмысты атқаратын адам жағдайды «уысында» ұстап, жедел ақпаратқа қанығып , әкімшілік істерге қатысты материалды дер кезінде жинақтап, шешім қабылдай білуі керек. Десе де бұл міндеттерді Екібастұз қаласының учаскелік полиция инспекторы Бекзат Кишев абыроймен атқарып келеді.

Тапсырманы тым қысқа мерзімде орындап үлгеру, жұмыс кестесінің қатаңдығы полиция капитаны үшін бүгінде үйреншікті жайтқа айналған.

Инспектордың қарамағында 14 мың адам барына қарамастан, ол әр пәтер тұрғынын жақсы таниды.

Тәртіп сақшысының кей-кейде пәтерлерге тексеру мақсатында немесе өтініш ізімен емес, жай ғана хал-жай білісу үшін бас сұғатыны бар. Мұндай кезде, әрине, көше, аула жаңалықтарынан хабардар болуға мүмкіндік мол.

Есігін жиі қағуға тура келетін тұрғындар да аз емес, олар - ішімдікпен «дос» болып, көршілерін жиі мазалайтындар, күшін отбасына көрсететін «палуандар».

Бекзат Кишевтің учаскелік инспектор болғанына 6 жылдан асты. Ол 2015 жылы ҚР ІІМ Қарағанды академиясын бітіре сала бірден №4 полиция тірек пунктіне жұмысқа алынған. 

- Бекзат Кишев - нағыз учаскелік полиция инспекторының үлгісі, үнемі тұрғындар арасында жүреді. Оның алдына барған бірде-бір мәселе шешімсіз қалған емес. Тәуліктің кез келген уақытында, тіпті демалыста да көмекке дайын. Оның адал еңбегі үшін алғыс білдіремін! - деп жазба қалдырыпты Екібастұз тұрғыны инстаграм желісінде.

Атап өтерлік жайт, полиция қызметкері білімін жетілдіріп, заңгерлік тақырыптағы кітаптарды үзбей оқиды.

- Менің жұмысым өтініш қабылдап, оның мән-жайын тексеру ғана емес. Егер жүгінушінің өтініші өз құзыретіме қатыссыз болса, қажетті органға жөн сілтеп, кеңесімді беремін, - дейді Бекзат Кишев.

Инспектор, сонымен қатар, өз аумағының тұрғындарына, ПИК қызметкерлеріне, мектеп мұғалімдеріне қоғамдық тәртіпті сақтауға атсалысқаны, тәртіп бұзушылықтар туралы дер кезінде хабарлағаны және әрдайым ақыл-кеңестерін бөліскені үшін дән риза.


Автор Қадырова Ж.
Издание Отарқа
Стр. 8
Файл Загрузить

Тізімге оралу


Қатысты мазмұны:


DB query error.
Please try later.