ERG (Еуразиялық Топ) құрамындағы «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ «Шығыс» кенішінің техникалық паркін жүк көтерімділігі 130 тонна, жалпы құны 1,8 млрд теңгеден асатын үш жаңа БелАЗ толықтырды.
«ЕЭК» АҚ «Шығыс» кенішінің жөндеу алаңында компанияның инвестициялық бағдарламасы шеңберінде сатып алынған БелАз-75131 маркалы үш автотүсіргіштің біріншісі құрастырылды. Ол қызмет ету мерзімі аяқталуға жақын Komatsu автокөліктерін кезең-кезеңмен ауыстыру үшін алынған.
Жаңа машиналар №1 және №2 айналмалы-ағынды аршу учаскелерінде пайдаланылатын болады. БелАЗдар көмір өндіруші кәсіпорында өнімділігімен танылған. Қазіргі уақытта кеніште осы техниканың жетеуі жүр.
Жаңа машиналар мен көмір өндіруші кәсіпорында жұмыс істеп жатқан машиналардың жалғыз айырмашылығы - күшейтілген алдыңғы арқалық пен иілуді болдырмайтын көтеріңкі алдыңғы көлденең тартпа.
Мамандардың пікірінше, алынған автотүсіргіштердің бірқатар артықшылықтары бар. Атап айтқанда: жоғары маневрлілік, жоғары жүріп өту мүмкіндігі. Қауіпсіздік, қарапайым жұмыс, жүргізушілердің ыңғайлы жұмыс жағдайлары бұл машиналарды өндіріс процесінің ажырамас бөлігі етеді.
- БелАЗ-75131 конструкциясы күштік компоненттердің, тораптардың, жүйелердің тұтас қатары бойынша инновацияларды енгізуге негізделген және терең карьерлердің күрделі тау-кен техникалық жағдайларында таукен массасын тасымалдауға арналған сенімді карьерлік түсіргіш, - дейді «ЕЭК» АҚ «Шығыс» кенішіндегі айналмалы-ағынды аршу кешені технологиялық көлік колоннасының бастығы Дмитрий Русаков. - Сонымен қатар машинаны әртүрлі климаттық жағдайларда, расы -45-тен +45 градусқа дейін болғанда пайдалануға болады, біздің шұғыл-континенталды климатымыз үшін бұл өте маңызды.
БелАЗдың бұл моделі заманауи техникалық сипаттамаларға сай. Негізгі күш элементтері мен агрегаттарының сапасы жоғары. Электронды басқарылатын тиімді 1600-күшті CUMMINS қозғалтқышы, сондай-ақ, электроникамен басқарылатын айнымалы-тұрақты электр тоғының заманауи трансмиссиясы орнатылған. Тиеуді, шиналардағы қысымды бақылау жүйелерімен, күшейтілген рамамен және жүргізушінің жайлылығы үшін төрт жақты шолу бейнекамераларымен жабдықталған.