1 мамыр - халқымыздың бірлігі күні. Мереке қарсаңында «Қайнар» ББК-де «Қазақстан - достық мекені» атты қалалық этнофестиваль өтті.
Достық үйінің директоры Зәуреш Қонақбаева мерекенің маңызына тоқталды.
-1 мамыр - достық пен келісім мерекесі. Қазақстанның үлкен отбасын қазақ, орыс, украин, неміс, корей, ұйғыр, армян, әзірбайжан сынды ұлттар құрайды. Әр ұлт өзінің салт-дәстүрімен ерекше! - деді фестиваль қатысушыларына сәттілік тілеп.
Келесі кезек ән мен күйге беріліп, №23 мектеп оқушылары Данила Чмырь мен Ева Лоренц орыс халқы туралы қойылымды көрермен қауымға ұсынды. №24 мектеп оқушылары София Королева мен Адема Атакан орыс халқының «Варенька» биін биледі. №25 қазақ қыздар гимназиясынан Даняна Жүсіпова мен Дария Қарашашева «Тау халқы» әуеніне биледі. Сонымен бірге, көрермен қауым «Арман» үлгілі вокалдық эстарадасының өнерін тамашалады.
Этнофестивальға №№2, 5, 6, 7, 9, 10, 11, 12, 13, 17, 18,21,22, 23, 24, 25, 26, 33, 35, 36 мектептер оқушылары қатысып, түрлі ұлттардың әндерін шырқап, билерін билеп, тарихы, салт-дәстүрі, ұлттық асханасымен таныстырды.
Кеш соңында фестивальға қатысушыларға алғыс айтылып, сертификаттар тапсырылды.