Қарттар күніне орай Байет және Атығай ауылдарының қарияларына «Қарттарым - асыл қазынам» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.
Ауылдық округ әкімі Докторхан Амантайұлы зейнеткерлерді құттықтап, ұзақ өмір тіледі. «Мұхамадәли» ЖК басшысы Сағай Тамашыбай, Балдырған Әкімқызы ардагерлерге ақ дастархан жаюға үлес қосты. «Атамұра» мәдениет орталығының әншілері, «Кәусар» әжелер тобы, Атығай ауылының жас домбырашылары мен жергілікті өнерпаздар мерекелік концерт қойды.
Жалпы, Байет ауылдық округі бойынша 100-ден аса зейнеткер тұрады. Барлығы да қоғамдық жұмыстарға белсенді атсалысып, ауылдың дамуына үлес қосып келеді.