2019 жыл Екібастұз өңіріндегі мектеп кітапханалары үшін «Рухани жаңғыру», Қазақстандағы Жастар жылы аясындағы іс-шаралардың бастауы болды. Бұл шаралар патриоттық сипат алып, облыс және Назарбаев интеллектуалдық мектебі кітапханалары арасындағы серіктестік қатынастарды, ұрпақтар сабақтастығын, мектеп кітапханашылары, оқырмандар белсенділігін, мектеп кітапханаларында жұмыс істейтін мамандардың кәсіби қызметін көтеруге, кітап оқу мен кітап саудасы ұйымдарын қолдау орталықтарымен серіктестікті күшейтуге бағытталып отыр.
9 қаңтарда №23 ЖОББМ базасында қала және ауыл кітапханашыларының қатысуымен өткен «Оқу үрдісі аясындағы мектеп кітапханаларының қызметі» атты семинар аудиторияны бір арнаға, нақтылай айтқанда, барлық жас санаттарында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға бағытталды.
Семинарда мектеп кітапханасы жағдайында бәсе-келестікке қабілетті тұлғаны қалыптастыру, кітап оқуға тарту формалары арқылы балалардың әлеуметтік-жеке дамуын, отбасылық оқуды дамыту бағытында, заманауи кітапхана жұмысында мектеп кітапханалары қызметкерлері үшін маңызды жаңа ақпараттық технологиялар, электронды каталогтың жұмысын ұйымдастыру, кітапхана қолданушыларына үздіксіз қызмет көрсетудегі қорлардың жағдайы мәселелері қарастырылды.
Жаппай оқуға қызығушылық-ты арттырудағы жарқын бағыт-тардың бірі - «Бір ел - бір кітап» - 2019» республикалық акциясы. Бұл акция 2007 жыл-дан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиялық кітапханасының бастамасымен жүзеге асуда. Акцияның мақсаты - қазақ әдебиетін дәріптеу, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерделеуді зерттеу қызығушылығын арттыру, сонымен қатар, жас ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуына ықпал ету. Ағымдағы жылы «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы жалпыға бірдей оқуға Қазақстанның әйгілі қаламгерлері Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» және Әбділда Тәжібаевтың шығармаларын, таңдамалы өлеңдер жинағын оқуды ұсынып отыр. Акция ағымдағы жылдың 30 желтоқсанына дейін жалғасады. 2019 жылы бүкілхалықтық оқуға «Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» және Әбділда Тәжібаевтың «Өлеңдері» таңдалды.
Әбділда Тәжібаев (19091998) - бүкіл қазақстандық әдебиеттің көрінісі іспетті, оның өлеңдері қазақ лирикасының дәстүрлеріне тән. Тәжібаевтың жинақтары өзекті, оқылымды, рухани бояуға бай, жүрекке жылы, құлаққа жағымды. Өзің үшін оқып, Тәжібаев әлемін ашуға кеңес беремін.
Әбіш Кекілбаев (1939-2015) - қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, филолог, Әлеуметтік ғылымдар Академиясының академигі, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, Л.Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. Оның қаламынан туған туындылар қазақ әдебиетіне сүбелі үлес қосты. Шетелде басылған елу-ден астам кітаптың авторы, шығармалары танымал талантты жазушы. Акция комитетінің Ә.Кекілбаев романдарының бірі - «Аңыздың ақырын» таңдауы кездейсоқ емес. Оқуға жеңіл, шығармадағы оқиға әп-сәтте иіріп әкетеді.
Оқушылар, ата-аналар, мұ-ғалімдер, балалар мен мектептен тыс ұйымдарды, қала тұрғындары мен қонақтарын қазақ әдебиетінің классикасын жаппай оқуға және мектептердің кітапханалық шараларына қатысуға шақырамын. Осы акцияның жұмысына қалалық білім бөлімінің бас маманы Гүлнәр Ысқақова жетекшілік етеді.
Маңызы зор факторлардың бірі - кітап оқуды қолдау және насихаттау шеңберінде серіктестік қатынастар мен облыстың кәсіби қауымдастығымен, Ақсу қаласы және облыстық Назарбаев интеллектуалдық, мектебінің кітапханаларымен тығыз қарым-қатынас орнату. Екібастұз өңіріндегі кітапхана бағытындағы шараларға кәсіби біліктілікті арттыру институты республикалық кадрлық даярлау филиалының мамандары, Павлодар университеті, инновациялық орталық мамандары, Ертістің Павлодар өңірінің кітапханашылары шақырылады.
13 ақпанда серіктестік қатынастар және кәсіби шеберлік аясында ақсулық әріптестермен бірге Ақсу қаласының №2 ЖОББМ базасында жобалық қызмет аясында «Кітапханалық қызметтегі жаңа ақпараттық технологиялар» атты семинар-практикум өткізілді. Оқыту қорытындысы бойынша қалалық мектеп кітапханалары арасында буктрейлерлер жасауға арналған «Жаңа форматтағы кітап» жобасы таратылады.
Екібастұз өңірінің мектептері үшін екі кезеңнен тұратын «Жылдың үздік оқырманы» жобасы іске қосылды. Қорытындылау және марапаттау демалыс кезінде өтеді. Кітапхана қоры жөніндегі маман ретінде ғана емес, белсенді оқу, таным көкжиегін кеңейту, оқуда өз жолын табуды тілеймін. Әлеметтік желілер қызықты, алайда кітапты парақтап, оның иісіне қанып оқуға ештеңе жетпейді. Әр кітап - жанның шуағы!