Қасиетті жұма күні Павлодар облысының бас имамы Жолдас Бертымұратов Екібастұз қалалық мешітінің жамағатына жаңадан тағайындалған бас имамды таныстырды.
Жолдас Қоспақұлы жамағат алдында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып, жаңадан қызметке келген Нұрсейіт Әбдімүтәлиұлы Омаровқа сәттілік тіле-ді. Бұған дейін Нұрсейіт Әбдімүтәлиұлы Павлодар қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжінің директоры қызметін атқарған.
Дінтанушы, исламтанушы маман әр жылдары облыс орталығындағы мешіт-медреседе имамдық, ұстаздық қызметте болды. Халықаралық Ислам академиясының докторанты.