Денсаулық - адам үшін баға жетпес байлық. Әр жылы маусым айының үшінші жексенбісі құрмет пен алғысқа бөленген, Гиппократ антына адал, әрдайым сенім үдесінен шығатын, асқан шеберліктің иесі ақ халатты абзал жандардың мерекесі. Медицина қызметкерлерінің мерекесіне арналған салтанатты жиын «Өнер» қалалық мәдениет орталығында өтіп, оған шаһар басшысы Нұржан Әшімбетов қатысты. Ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекемен құттықтап, бірқатар азаматты марапаттады.
Қалалық перзентхана үйі бас дәрігерінің орынбасары Татьяна Санжаревскаяға «Қала алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісі табыс етілді. Қала әкімінің құрмет грамотасымен қалалық аурухана қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі Бақтыбай Әуелбаев, Екібастұз қалалық №1 «Дисконт» емханасы бас дәрігерінің ішкі аудит жөніндегі орынбасары Вера Бочкарева, №2 емхананың персоналді басқару қызметінің маманы Жақсыбала Жүнісова, №3 емхананың күндізгі бөлімшесінің терапевт-дәрігері Жадыра Төлеубекова марапатталды. Ал алғыс хатты Екібастұз қалалық ауруханасы жұқпалы аурулар бөлім-шесінің аға медбикесі Сәну Болатбаева иеленді.
Салтанатты жиында денсаулық сақтау саласында ұзақ жыл игілікті еңбек еткен медицина қызметкерлері: хирургия орталығының медбикесі Салима Асқарова, Екібастұз емдеу-диагностика орталығының функционалды диагностикасының медбикесі Наталья Силина мен Екібастұз медициналық колледжінің физика және информатика оқытушысы Тишханбай Күлжан қалалық мәслихаттың құрмет грамотасымен марапатталды.
Қалалық мәслихаттың алғыс хаты Павлодар облыстық қан орталығы Екібастұз бөлімшесінің терапевт дәрігері Индира Кенжебекова мен Екібастұз перзентханасының дәрігер анестезиолог-реаниматологы Тимур Қымызкеновке табысталды. Жиында сонымен қатар, Nur Otan партиясы Екібастұз қалалық филиа-лының құрмет және алғыс хаттары да табыс етілді.