5 сәуір күні Павлодардың дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатында «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы шығармашылық даму бөлімінің ұйымдастыруымен облыстық Мәшһүр Жүсіп оқулары өтті.
Сайыста дарынды оқушылар төрт бағытта бақ сынады: «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген...» (ақындар мүшәйрасы); «Бас болып өнер білсең.» (ғылыми жоба қорғау); «Білімді зерек адам болам!» - десең.» (эссе жазу); «Мәшһүр Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» (тұлғаларды сипаттау).
Шараға облыстың жалпы білім беру және мамандандырылған мектептеріндегі 8-11 сыныптардан 61 оқушы қатысты.
«Бас болып өнер білсең...» (ғылыми жоба қорғау) бағытында Екібастұз қаласы №36 лицей-мектебінің 8-сынып оқушысы Амира Төлегенқызы 3-орынға ие болды. Жетекшісі -Гүлнәр Әмірғалиева.
«Білімді, зерек адам болам!» - десең...» (эссе жазу) бағытында №25 қазақ қыздар гимназиясының 11-сынып оқушысы Арай Оразмаханбет 2-орынды жеңіп алды (жетекшісі - Күлшара Даутова).
«Мәшһүр Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» (тұлғаларды сипаттау) бағытында №36 лицей-мектебінің 8-сынып оқушысы Данияр Телтаев (жетекшісі -Зейнеп Нұрахметова) бас жүлде иеленді.
Данияр Мәшһүр Жүсіп оқуларының республикалық кезеңінде облыс намысын қорғайтын болады.