ҚР Білім министрі Асхат Аймағамбетов елдегі интернеттің білім беруге қолайсыздығы туралы айтты.
- Біздің еліміздегі интернет 2,5 миллион баланың эфирге шығып, қашықтықтан оқуына бейімделмегенін көріп отырмыз. Сондықтан біз сабақ онлайн режимінде немесе стриминг арқылы өткізілмейді деп шештік. Біз негізінен басқа механизмдерге сүйенеміз. Бұл - мессенджерлер, электрондық пошта, арнайы бағдарламалар,- деді министр.
Сондай-ақ ол мұғалімдердің жауапкершілігі туралы да айтты.
- Төтенше жағдай кезінде мұғалімдерден ешқандай есептілік алынбайды. Біз бюрократиядан арылуымыз керек, - деп түйіндеді министр.