Наурыз айының 24-30 күндері Қапшағай қаласында Н.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы негізінде «Тілім менің - тірлігімнің айғағы» атты ХІХ республикалық ауызша командалық олимпиада өтті. «Балдаурен-Қапшағай» РОСО мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педогогикалық университеті бірлесіп ұйымдастырған олимпиадаға 60 команда қатысты. Олардың қатарында Екібастұз қалалық №36 лицей-мектебінің, №11 мектеп, №25 қазақ қыздар гимназиясы мен Абай Құнанбаев атындағы №2 мектеп және Солнечный кентіндегі №28 мектеп оқушылары бар.
Олимпиада қорытындысында екібастұздық оқушылар жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, №2 мектебінің 5-сынып оқушыларының «Зерек» мектепалды даярлық тобы - бас жүлдеге, ал, «Бәйтерек» тобы ІІ орынға ие болды. 7-сынып оқушыларының «Сұңқар» тобы - бас жүлде, «Самғау» тобы І орынды алды. 8-сынып оқушыларының «Алау» тобы - бас жүлде, «Алғыр» тобы ІІ орынды және 9-сынып оқушыларының «Болашақ» тобы бас жүлдені иеленді.
№25 қазақ қыздар гимназиясы 4-сынып оқушыларының «Бәйшешек» тобы I орынға және «Парасатты қыздар» тобы ІІ орынға ие болды. 7-сынып оқушыларының «Жасын» тобы III орын-ды қанжығасына байлады.