Облыстық мәслихат депутаттығына «Ақ жол» партиясының атынан партиялық тізім бойынша кандидат, «Горводоканал» МКК бас технологы Павел Ярошенко екінші сайлау кампаниясын жоспарлауда. Ол өкілетті билік органы таратылғанға дейін облыстық мәслихат депутаты болды. Облыстық мәслихаттың құрылыс және тұрғын үй шаруашылығы комиссиясының құрамында болған екі жыл ішінде көп шаруа тындырып үлгерді. Депутат ретінде Жетісу ауылындағы мектеп құрылысына, Екібастұзда тұрғын үйлер салуға, Павлодар қаласында аурухана-ны қайта жаңғыртуға, облыстағы жол-дарды жөндеу сапасын бақылауға үлес қосты.
- Павел Иванович, білуімше, бірнеше үкіметтік комиссияның «жылу электр орталығының жағдайы қалыпты-мыс» деген уәжінен кейін сіз облыстың бұрынғы әкімі Ә.Сқақовқа Екібастұзда жылу бола ма деген сауал жолдаған болатынсыз. Экс-әкім қандай жауап беріп еді?
- Атом және энергетикалық қадағалау комитетінің өкілі Н.Қуатов ЭтЭЦ-ке сапары кезінде станцияның тозуы - 47,8 %, жылу желілерінің тозуы 88,6 пайызды құрайтынын, акционерлер мен станция жаңа құрылғы құрылысына өз қаражаттарын салғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, Комитет өкілі бұл қаражаттың жеткіліксіз болуына байла-нысты монополияға қарсы комитет өз тарифін белгілей отырып компанияның мүмкіндіктерін, соның ішінде жөндеу жұмыстарының мүмкіндіктерін шектейтінін атап өтті. Былай қарағанда, қорқынышты ештеңе жоқ...
Қыркүйекте облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында мен облыс әкіміне Екібастұздың жылыту маусы-мына әзірлігі жөнінде сұрақ қойдым. Әбілқайыр Сқақов маған жиындар өтіп, мәселе акционерлер алдында көтерілгенін, үкіметке жеткізілгенін баян-дады. Екібастұзды тоңдырмайтынын айтты. 3 қазанда Тоқаев Павлодардың Достық үйінде Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға ЖЭО жағдайын бақылауды тапсырды. Мен ол кездесуде болдым. Нәтижесінде тақырып сөз жүзінен әрі қозғалған жоқ, бір жарым ай өте бәріміз аласапыранды бастан кештік.
Тариф жөнінде көп әңгіме қозғалды. Мәселен, Еуропада коммуналдық инфрақұрылым жақсы техникалық жағдайда. Коммуналдық қызмет төлемдері жалақыдан 30-40 пайызды құрайды, кірістің қалған сомасы немістер мен норвегтерге 5 жыл сайын жаңа көлік алуға және жыл сайын әлемге саяхаттауға жетеді. Олар лайықты жалақы алады! Мұны басым бөлімі төлемге қабілетсіз қазақстандықтарға қалайша қолдануға болады?
- Сіз сайлауға партиялық тізіммен түсіп жатырсыз. Бұл кампанияның өткен жолғыдан айырмашылығы қандай деп ойлайсыз?
- Көпшілік аңғармайтын да болар, дегенмен қазіргі уақытта тарихи өзгерістер жүріп жатыр, оны саяси партиялық өмірдегі қайта құру деуге болады. Бұл сайлаудағы кандидаттардың белсенділігі - азаматтық қоғамдағы серпіннің белгісі.
Бұл құмырадан «жынды» шығарумен бірдей. Партияларда жаңадан қызықты адамдар пайда болды, күрес тартысты, десе де «Ақ жол» демократиялық партиясының желісі мені әсерге бөлейді. Алдағы сайлауда менің фамилиям бюллетеньде тұрмайды, мен партиялық тізіммен түсіп жатырмын. «Ақ жол» сайлауға немен қадам басқаны жайлы айтайын. Біз әлеуметтік әділдік үшін күресеміз. Қазақстанда кедейлер болмауы керек. Адамдарда баспана және жұмыс болуы керек, аналар балаларын үйде жалғыз қалдырып, түнде жұмыс істемеуі керек. Банктердегі жоғары мөлшерлемелермен күресу қажет: барлық қазақстандықтар банктің шырмауында!
Елдің қасіреті - көптеген салаларды жемқорлық жайлауында. Жемқорлықпен күресте шенеуніктердің банктік құпияларын жоюды ұсынамын: белгісіз баю себебін түсіндіре алмаса -жиған-тергені мемлекетке өтсін.
30 жыл ішінде Қазақстаннан 160 миллиард доллар шығарылған - бұл соманың елдің сыртқы қарыздарымен сәйкестігі таңғалдырады.
Біз парламенттік ел болуды қалаймыз. Қазір үкімет президентке бағынышты, ол парламентке бағынышты болғаны керек. Коалициялық үкіметті құру дұрыс әрі демократиялы болмақ.
Бағаны құрықтауда жергілікті дүкендермен емес, монополистер және делдалдармен күресу қажет. Ірі сауда желілері тауарды ірі партиялармен, яғни, арзанырақ ала алады. Кішкентай дүкендер не істей алады? Сондықтан да делдал қызметіне жүгінеді. Нәтижесінде баға өсіруге мәжбүр болады. Бұл әділ емес, бәсекелестік әділ болуы керек. Біз микро және шағын бизнесті салықтан босатуға ұмтыламыз. Кәсіпкерлер мемлекеттің мойнында отырған жоқ, түйіндерді өздері шешіп, қиындықтан өз күштерімен шығуда.
Жеке тұрғын үйлер құрылысы үшін жер телімдерін алу мәселесінде алға жылжу жоқ. Адамдар ондаған жылдар бойы 10 сотық жерге қол жеткізе алмай келеді. Бұл да баспана мәселесінің бір шешімі болар еді.
- Нақты Екібастұз үшін депутат ретінде неге қол жеткізуді көздейсіз?
- Тазартқыш құрылғыларды реконструкциялау немесе жаңадан салу қажет. Қаланы сапалы таза сумен қамтамасыз ету - қала басшылығы мен депутаттар корпусының парызы. Екібастұз су қоймасын шұғыл түрде тазарту, қайта қайта жаңарту керек, шөп басқан жағалау желісі жыларман күйде.
- Екібастұз жайлы және әдемі өмір сүре ала ма?
- Екібастұз ғана емес. Бүкіл Қазақстанды заманауи халге жеткізіп қайта құруға болады. Бізде бәрі бар: көмір, мұнай, орман. Әлемде аумағымыз жағынан тоғызыншы орындамыз. Ең бастысы, кірістерді тең бөлуге қол жеткізу қажет.