Байет ауылдық округінің құрамына Атығай және Байет ауылдары кіреді. Байет ауылдық округі бойынша Атығай ауылында - 122 отбасы, Байет ауылында - 166 отбасы, барлығы 288 отбасы бар.
Ауылдық округ бойынша халықтың жалпы саны 1292 адам болса, оның ішінде еңбекке қабілетті адам саны -638, тұрақты жұмыс істейтіндер - 593 адам, 45 адам жеке кәсіппен айналысады.
Ауылдық округ бойынша есепті мерзімде 16 шаруа қожалығы, 20 кәсіпкер, 1 ЖШС жұмыс істейді. 2022 жылдың 1 қаңтарында 2504 бас ірі қара мал, 3487 бас ұсақ мал, 1350 бас жылқы тіркелді. Есепті жылда 400 тонна ет, 260 тонна сүт өнімдері өндірілді. 120 тонна бау-бақша өнімдері (картоп, сәбіз, қияр, қызанақ, қырыққабат, тәтті бұрыш, қызылша, қарбыз) өндіріліп ауыл жәрмеңкесіне сатылымға шығарылды.
«Байет ауылдық округінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне 2021 жылы жеке және заңды тұлғалардан барлығы 8 өтініш түскен. Барлық өтініш заңнамаға сәйкес қаралды, мерзімінде жауап берілді. Мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша 2021 жылы 69 өтініш түскен. Мемлекеттік мекеме ғимаратында азаматтарға арналған электрондық үкімет порталы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 65 мемлекеттік қызмет көрсетілді. «Елдімекен шегінде нысан салу үшін жер учаскесін беру» бойынша 4 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Байет ауылдық медициналық пунктінде 2 медбике ауыл тұрғындарына қызмет көрсетсе, Атығай елдімекенінің тұрғындарына 1 медбике қызмет көрсетеді. 2021 жылы 26 бала өмірге келді. Ауылдық округте халық тұтынатын азық-түлік тауарларын қолжетімді бағамен сататын 3 дүкен тұрғындарға қызмет етеді. «Байет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2021 жылға арналған бюджеті 43 миллион 081 мың теңгені құрады. Қазіргі есептік мерзімде бюджет қаржысын игеру 100%-ға орындалып отыр.