2020 жылы Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмысы елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Қазақстан халқына арналған Жолдауда айтылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға бағытталды.
Өнеркәсіп
2020 жылғы қаңтар - желтоқсанда өнеркәсіпте 730,5 млрд. теңге сомасына өнім өндірілді, нақты көлем индексі 111,3% - ды құрады.
Тау-кен өндіру өнеркәсібінде 461,8 млрд. теңгеге не-месе 2019 жылдың сәйкес кезеңімен алғанда 108,0% өнім өндірілді.
Өңдеу өнеркәсібінде өндірілген өнім көлемі 91,3 млрд. теңгені немесе 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 159,3%-ды құрады.
Электрмен жабдықтауда өндіріс көлемі 173,8 млрд. теңгені немесе 103,7%-ды құрады.
Есепті кезеңде 62,5 млн. тонна тас көмір, 33,2 млн. тонна мыс кені, 24,4 млрд. кВт/с электр энергиясы өндірілді, 155,2 мың тұтас таптамалы доңғалақ шығарылды.
Инвестициялар
2020 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 146,0 млрд. теңгені құрады, бұл облыстық көрсеткіштің 30%-ын құрайды. Нақты көлем индексі -100,1%.
Көмір өнеркәсібіндегі неғұрлым ірі инвестициялық жоба көмір өндіру мен тасымалдаудың автоконвейерлік технологиясына көшу жөніндегі «Богатырь Көмір» ЖШС жобасы болып табылады, соның арқасында өндіру көлемін жылына 50 млн. тоннаға дейін (жыл қорытындысы бойынша - 31,1 млрд. теңге) қамтамасыз ету мүмкін болады.
Электр станцияларының ішінде инвестициялардың ең көп сомасы үшінші энергия блогын салу үшін жабдық са-тып алу бөлігінде ГРЭс-2-ге тиесілі, оны іске асыру шамасына қарай қосымша 636 МВт (жыл қорытындысы бойынша 18,7 млрд.теңге) енгізу мүмкін болады.
Сондай-ақ деректерді өңдеу дата-орталықтарының ашылуы жылдам қарқынмен жүргізілуде. Бұған жыл ішінде 11 млрд. теңгеден астам инвестиция салған «Bitfury», «BTC», «Энеджикс» компаниялары мысал бола алады.
Инвестициялардың жалпы көлемінен кәсіпорындардың меншікті қаражатына 127,8 млрд. теңге (87,5%), бюджеттік қаражатқа 18,2 млрд. теңге (12,5%) келеді.
Кәсіпкерлік 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта биз-нес субъектілерінің саны 8 332 бірлікті немесе тіркелгендердің жалпы санының 87,3%-ын құрайды.
2020 жылы «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасы аясында 5,7 млрд. теңге сомаға 223 жоба кредиттелді.
«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде 72 жобаны іске асыру үшн 382,3 млн. теңге берілді.
АӨК және сауда саласында «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдетілген несие беру тетігі шеңберінде жалпы сомасы 154,3 млн. теңгеге 11 жоба мақұлданды.
2020 жылдың 2-тоқсан қорытындысына қарағанда, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығару көлемі 58,8 млрд.теңгені немесе 2019 жылдың ұқсас кезеңіне 108,2% құрады, жұмыспен қамтылғандар саны - 23,0 мың адам.
Өз ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге көмек көрсету мақсатында облыста алғашқы шағын индустриялық аймақ құру тұрғысында шаралар қабылданды, оның ашылуы 2020 жылғы ақпанда өтті.
Сауда
2020 жылдың 12 айында бөлшек сауда айналымы 70,1 млрд. теңгені (НКИ - 106,5%), көтерме тауар айналымының көлемі 61,8 млрд.теңгені (НКИ -108,9%) құрады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасына тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында тұрақтандыру қорынан
800 тоннадан астам өнім жеткізіліп, ауыл шаруашылық жәрмеңкелерінің жұмысы қайта басталды.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу нысаны бар дүкендер желісі кеңеюде. 2020 жылы POS-терминалдарды пайдаланатын кәсіпкерлер саны 1197 бірлікті құрады.
Ауыл шаруашылығы
2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 18.1 млрд. теңгені, нақты көлем индексі 118,7%-ды құрады.
Өсімдік шаруашылығында ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс алаңы 13,93 мың га құрады. 616,5 га суармалы жер пайдаланылады. Дәнді дақылдардың жалпы түсімі 6078,7 мың тоннаны құрады, орташа өнімділік 6,9 ц/га. Картоп 24,5 мың тонна (орташа өнімділік - 273 ц/га), көкөніс - 5260 мың тонна (орташа өнімділік - 263 ц/га) жиналды.
2020 жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 299 млн. теңге сомаға 23 бірлік жаңа ауыл шаруашылық техникасы мен жабдықтарын сатып алды.
Мал шаруашылығында барлық шаруашылық санаттарында тірі салмақта 5 839,2 мың тонна ет (101,1%), сүт - 22 661,9 мың тонна (100,0%), жұмыртқа - 2 089,3 млн. дана (100,2%) өндірілді. Ірі қара мал басы 38 929 басты (102,5%), қой - 31 264 басты (101,7%), ешкі - 4 156 басты (103,6%), жылқы - 22 500 басты (107,2%), құс 26 053 басты (120,7%) құрады.
Жоспарлы кезең қорытындысына қарағанда ауыл шаруашылығы саласында 16 инвестициялық жоба іске асырылды, оның ішінде 9 мал шаруашылығы фермасы салынды, 37 жұмыс орны құрылды.
Жер қатынастары
Екібастұз өңірі жерлерінің жалпы ауданы 1887,6 мың га құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер - 697,2 мың га.
2020 жылы 108,9 мың га пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптары анықталды. Оның ішінде 36,4 мың га жер мемлекеттік меншікке қайтарылды,
54.1 мың га жерді пайдаланушылар пайдалануға кірісті, 15,7 мың га жердің меншік иелері 10 есе ұлғайтумен жер салығын төлеуге тартылды.
Есепті кезеңде ауыл шаруашылығы айналымына 107,8 мың га ауыл шаруашылығы алқаптары тартылды,
оның ішінде 99,2 мың га конкурстық негізде.
Жалпы ауданы 55,6 мың га 15 телімге жалға беру құқығын сату бойынша 8 аук-цион өткізілді.
Құрылыс
2020 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 58,1 млрд.теңгені құрады. 68,7 мың шаршы м тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде: көппәтерлі тұрғын үй - 59,1 мың шаршы м, жеке тұрғын үй - 9,6 мың кв.м.
№22 және 9-шағын аудандарда жалпы саны 720 пәтері бар көппәтерлі тоғыз үй пайдалануға берілді, сондай-ақ, Солнечный кентінде 144 пәтерлі 2 тұрғын үйді қайта жаңарту жүргізілді.
Ағымдағы жылы кезекте тұрған 646 адам пәтер алды, оның ішінде: көпбалалы отбасылар - 132, жетім балалар - 123, бюджеттік қызметкерлер - 83, халықтың әлеуметтік осал топтары санатынан - 308 адам. 9-шағын ауданда пәтерлерді бөлу ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айларына жоспарланып отыр.
Ауыз сумен қамтамасыз ету
Бүгінгі күні 25 ауылдық елді мекеннің 23-і (92%) сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген.
2020 жылы Тай, Ақкөл, Бесқауға және Құдайкөл ауылдарында су құбырлары пайдалануға берілді. 2021 жылы Сарықамыс, Зеленая роща ауылдарында сумен жабдықтау жүйесінің құрылысын аяқтау жоспарда және Әлкей Марғұлан атындағы ауылда сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту, сондай-ақ, «Лесхоз» ауданында су құбырын салу көзделген.
Жоғарыда аталған жобаларды іске асыруды ескергенде, ауылдық елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші 2023 жылға қарай 100%-ға жететін болады.
Коммуналдық шаруашылық
2020 жылы «Нұрлы жол» және «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламалары аясында 2,6 млрд.теңге Мәшһүр Жүсіп және Сәтбаев көшелерінің бойындағы 6 магистральды суағарлар мен коллекторларды қайта жаңартуға, сондай-ақ, 25-шағын ауданда сумен жабдықтау желілерін, 23-шағын ауданда және «Ипподром» ауданында жылумен жабдықтау желілерін салуға жұмсалды.
Коммуналдық кәсіпорындар қаражаты есебінен 11,6 км жылумен жабдықтау, 13,9 км сумен жабдықтау, 1,2 км су бұру, 206,9 км электрмен жабдықтау желілерін жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл ретте 29,3 км жылумен жабдықтау желілері және 14,0 км су құбыры желілері қапталды.
Қазіргі уақытта барлық жылу көздері штаттық режимде жұмыс істейді, отынның нормативтік қоры бар, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер температуралық кестеге сәйкес жылу-мен қамтамасыз етіледі.
Абаттандыру
2020 жылы 40 ауланы кешенді жөндеу жұмыстары жүргізілді, 55 балалар ойын алаңқайы орнатылды, «Богатырь Көмір» ЖШС ойын аймағы пайдалануға берілді.
Есепті кезеңде 30, 31, оңтүстік және солтүстік аудандарда жарықтандыру же-лілерін салу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыс ағымдағы жылы жалғасатын болады.
Бір мыңға жуық ағаш және 4 мың м2 гүлзар отырғызылды. 30-дан астам рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері жойылды, 913 еуроконтейнер орнатылды.
Жолдар
Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың көрсеткіші 85%-ды құрады. «Қала әуежайына кіреберіс» жолын, «Шиқылдақ ауылына кіреберіс» автожолын орташа жөндеу жүргізілді.
Мәшһүр Жүсіп көшесін қайта жаңарту жұмыстары жалғасты. Жоба ауыспалы болып табылады, қашықтығы 2,5 км жол төсемін асфальттау, сондай-ақ, веложол жайластыру, жиектас пен жарықтандыру тіректерін орнату арқылы іргелес аумақты абаттандыру орындалды. Жұмыстар 2021 жылы аяқталады.
Қаланың 60,0 мың шаршы м. астам көшелері жөнделді, ауданы 42 мың шаршы м. жолдары тегістелді.
Тұрғын үй инспекциясы
Қалада 679 көпқабатты тұрғын үй бар, оларға 32 сервистік ұйым қызмет көрсетеді. 2020 жылдың қорытындысында басқару нысаны жоқ 7 үйде қызмет көрсететін ұйымдар анықталды, 16 үйде оларды ауыстыру іске асты. Сегіз үйде меншік иелерінің бірлестіктері және екі үйде жай серіктестік құрылды.
2020-2021 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіне дайындық жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілді. Негізгі қабылдау-тапсыру іс-шаралары 674 көпқабатты тұрғын үйде өткізілді. Орнатылған жылу есептегіштердің саны 486 (69%) көпқабатты тұрғын үйге шаққанда 669 бірлікті құрады, оның ішінде 582 аспап деректерді қашықтан беретін құрылғылармен жабдықталған.
Көпқабатты тұрғын үйлердің кірешекалды және кірешекішілік алаңдарында 1399 жарықдиодты шам орнату жұмыстары жүргізілді. Пәтер иелері қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 68 үйді 385 бақылау камерасымен жабдықтаған.
Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мемлекеттік бағдарламасы аясында қалада 45 көпқабатты тұрғын үй жөнделді.
Бюджет
2020 жылы мемлекеттік бюджетке 47 296,8 млн. теңге салық және басқа да міндетті төлемдер түсті немесе жоспардан- 102,5%. Қала бюджетінің шығындары 46061,5 млн.теңгеге немесе 99,9%-ға орындалды.
Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту
Әлеуметтік осал азаматтарды қолдау үшін жалпы сомасы 636,9 млн. теңгеге мемлекеттік төлемдер мен әлеуметтік қызметтер ұсынылды, оның ішінде:- 407,4 млн. теңге сомаға 1185 отбасының 4846 аз қамтылған азаматына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
- 9,4 млн. теңгеге 847 аз қамтылған отбасыға тұрғын үй көмегі;
- азаматтардың жекелеген санаттарынан 10 810 адамға 185,9 млн. теңге сомаға әлеуметтік көмек ұсынылды;
- мүмкіндігі шектеулі 3892 азаматқа 34,2 млн. теңгеге, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 13,1 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді.
2020 жылы «Еңбек» бағдарламасы бойынша Екібастұз өңіріне 49 отба-сы немесе 235 адам (113 бала) келді. Бағдарлама шеңберінде барлық келген қоныс аударушылар мен қандас мәртебесі бар адамдарға көшуге, тұрғын үйді жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге мемлекеттік қолдау көрсетілді.
Қайырымдылық шеңберінде 26 мыңнан астам әлеуметтік осал азаматқа жалпы сомасы 122,1 млн. теңгеге көмек көрсетілді.
8 мыңнан астам адам 42500 теңгеден төлем алды. Екібастұздың жеті мың тұрғыны азық-түлік жиынтығын алды. Елбасының бастамасы бойынша «NurOtan» партиясының қолдауымен «Biz Birgemiz» қоғамдық қорының Қамқоршылық кеңесінен 6,5 мың адам - әрқайсысы 50 мың теңгеден алды. Коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңге көлемінде төлемді өтеу үшін 12 мың өтініш қанағаттандырылды.
Нәтижесінде төтенше жағдай және карантин кезеңінде хақтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету бойынша жоғарыда аталған дағдарысқа қарсы шараларға арналған шығыстардың жалпы көлемі 4 млрд. теңгеден асты.
Жұмыспен қамту жол картасы
Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 11 843,4 млн. теңге сомаға 40 инфрақұрылымдық жоба іске асырылды, оның ішінде:
- 17 әлеуметтік-мәдени нысан;
- 15 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары;
- 6 инженерлік-көліктік инфрақұрылым нысандары;
- елді мекендерді абаттандыру бойынша 2 жоба.
Жұмыстарды жүргізуге 23 мердігерлік ұйым жұмылдырылды, 3270 адам (105,3%) жұмысқа орналастырылды, соның ішінде Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы - 1586 адам (102%).
Нарық және еңбекке ақы төлеу
2020 жылы 3866 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындары -3229. Жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрады.
2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 219,0 мың теңгені немесе 2019 жылдың тиісті кезеңіне 122,0%-ды құрады.
Білім беру
3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 100% деңгейде қалып отыр, бір жастан бастап ба-лаларды қамту 81,1% дейін жеткізілді.
Бүгінгі күні 4500 бала қамтылған 271 кезекші топ жұмыс істейді.
Жалпы орта білім беру жүйесінде оқушылар санының 600 адамға өсуі байқалады, жалпы контингент 21,8 мың баланы құрайды, олардың 7856-сы үшін штаттық режимде оқыту ұйымдастырылған.
Мектептердің компьютерлік паркі 6,3 мың бірлікті құрайды, оның ішінде 849 компьютер 2020 жылы сатып алынды. Бір компьютерге 3,4 оқушыдан келеді.
Жаңа модификациядағы 7 кабинет алынды, 11 нысан жөндеуден өткізілді.
2021 жылдан бастап білім беру саласын басқару жүйесі өзгерді - қалалық білім бөлімдері бейінді облыстық басқармаларға бағынышты және есеп беретін болды. Білім бөлімдерін басқару және қаржыландыру да облыстық деңгейге және облыстық бюджетке ауысты.
Денсаулық сақтау
Денсаулық сақтау жүйесінде 21 медициналық ұйым бар, оларда 358 дәрігер және 1031 медицина қызметкері жұмыс істейді.
Есепті кезеңде 2 148 сәби дүниеге келді, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда туу көрсеткішінің 8%-ға өсуі байқалады.
Жалпы, өңір бойынша туберкулезден болатын өлім-жітім көрсеткіші 25%-ға, қатерлі ісіктерден болатын сырқаттанушылық көрсеткіші 10,4%-ға төмендегені байқалады.
2020 жылы Жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасы аясында Екібастұз қалалық ауруханасы хирургиялық корпусының шатыры қайта жаңартылып, №3 емхана ғимараты ағымдағы жөндеуден өтті.
ЖИТС орталығының базасында ПЦР-зертхана ашылды, компьютерлік томограф өз жұмысын қайта бастады, оның қызметтерін 2,5 мыңнан астам адам пайдаланды.
Бүгінгі күні короновирустық инфекция ауруларының 1335 жағдайы анықталды, 47-сі стационарлық емдеуде.
Жалпы, КОВИД-тің таралуын тұрақтандыру бойынша қалада белгілі бір нәтижелерге қол жеткізілді: сырқат
жұқтырғандардың өсуі 13,1-ден 2,1%-ға дейін төмендеді, жансақтау бөлімінің жүктемесі 36%-ға, стационарлар 35%-ға төмендеді, сауыққандар саны 37% - ды құрайды, жедел жәрдем шақырулар саны 47%-ға азайды.
Мәдениет және спорт
2020 жылы клуб мекемелері мен орталық кітапхана жүйесі үш мыңға жуық іс-шара өткізді, оның ішінде 1647 іс-шара онлайн режимінде.
Қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық, Әл-Фарабидің 1150 жылдық, Ал-тын Орданың 750 жылдық, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдық, Қазақстан халқы ассамблеясының 25 жылдық мерейтойлары атап өтілді.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған аймақ-тық айтыс өткізіліп, оған Нұрсұлтан, Қарағанды және Екібастұз қалаларынан 12 ақын қатысты.
Жыл қорытындысында қаланың шығармашылық ұжымдары халықаралық, рес-публикалық, облыстық және қалалық деңгейдегі 69 жүлделі орынға ие болды.
Спортпен жүйелі түрде айналысатындардың саны 46.8 мыңнан астам адам-ды немесе өңір тұрғындары санының 30,7%-ын құ-райды. Қалада балалар мен жасөспірімдер үшін 3 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді, онда спорт түрлері бойынша 22 бөлімше жұмыс істейді, жалпы 6.8 мың адам қамтылған.
2020 жылы 19,1 мыңнан астам адамның қатысуымен 339-дан астам спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді.
Халықаралық, республикалық және облыстық жарыстарда өңір спортшылары 258 жүлделі орынға ие болды (бірінші - 88, екінші - 87, үшінші - 83).
Спорттық нысандар мен құрылыстар желісінде барлық меншік нысанындағы 296 бірлік бар, оның ішінде 85-і ауылдық жерде.
Жастар саясаты
14-тен 29 жасқа дейінгі жастар саны 30 мың адамға жуық немесе өңір халқының жалпы санының 21%-ын құрайды.
2020 жылы колледждер мен жоғары оқу орындарының 146 түлегі үшін жастар практика-сы ұйымдастырылды, 99 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды.
«Дипломмен ауылға!» бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендерге 14 ма-ман келді, 3,9 млн.теңге көтермеақы төленді, тұрғын үй сатып алуға 39,6 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді.
«Бизнес бастау» және «Жас-шебер» жобалары шеңберінде 122 жас кәсіпкер тиісінше оқудан өтті, бұл оларға ауыл шаруашылығы, көлік, сауда, қызмет көрсету саласында өз бизнесін ашуға мүмкіндік берді.
Бүгінгі таңда белсенді азаматтық ұстаным танытқан еріктілердің көмегі баға жетпес. Олар: «Екібастұз» МКҚ, Екібастұз гуманитарлық еріктілер тобы, «Добряков клубы» филиалы, «Легион 14» филиалы, «Екібастұз» балалар қоры, жұмыс істейтін жастар кеңесі.
Қылмысқа қарсы күрес
2020 жылы жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шаралар нәтижесін беріп тіркелген қылмыстар саны 887 құрады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 32,8%-ға аз.
Жүргізілген алдын алу жұмыстарының нәтижесінде қоғамдық орындарда қылмыс жасау 25%-ға (319-дан 239-ға дейін), көшелерде 28%-ға (188-ден 135-ке дейін) төмендеуі қамтамасыз етілді. Қылмыстың жекелеген түрлері бойынша тіркеу төмендетілді: бұзақылық 73,4%-ға (19-дан 5-ке дейін), тонау 14,3%-ға (35-тен 30-ға дейін), ұрлық 44,2%-ға (606-дан 338-ге дейін), орташа дене жарақатын салу 27,9%-ға (61-ден 44-ке дейін).
Қоғамдық-саяси жағдай
Қалада 18-ден астам үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді, оның ішінде «Екібастұздың болашағы үшін» қоғамдық қоры, «Екібастұз» қоғамдық балалар қоры, «За-бота» қоғамдық қоры, «Өмір» оңалту орталығы және т.б. жұмыс істейді. Этносаралық, тілдік және діни көзқарасты сақтау және нығайту үшін 13 этномәдени бірлестіктің қызметі қамтамасыз етіледі.
Жалпы, қоғамдық-саяси жағдай тұрақты.