Биліктің үш бұтағы бар десек, соның бірі - өкілетті билік органы - мәслихаттар биыл мерейтойын атап өтуде. Осы айтулы датаға орай «Қазақстан мәслихаттарына - 25 жыл» мерейтойлық медалімен Екібастұз қаласы әкімі Ержан Иманзаипов, әр жылдары қалалық мәслихат хатшысы әрі депутат болған Балғабай Шаймерденов, Ғалия Балтабекова, Самат Рамазанов, Николай Попов және қалалық мәслихаттың қазіргі хатшысы Болат Құспеков пен депутаттары түгелдей марапатталды.