• Читать @cbsekibas
  • Instagram

Екібастұз ОКЖ

Павлодар облысы Екібастұз қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

На русском

  • Негізгі
  • Кітапхана жүйесі
    • Жаңалықтар
    • Мақалалар
    • Кітапханалар
    • Қызметкер құрамы
    • Кәсіподақ комитеті
    • Галерея
    • Бейне және аудио
  • Қызмет
    • Өлкетану
    • Баспа қызметі
    • Мәңгілік полк
    • Ынталандыру клубтары
    • Кешенді мақсатты бағдарламалар
    • Әріптестік
  • Ресурстар
    • Жаңа түсімдер
    • Кітаптар
    • Журналдар
    • Газеттер
    • Мультимедиа
    • Авторлар
    • Баспалар
    • Рецензиялар
    • Пайдалы сілтемелер
  • Online арқылы кітапты ұзарту
  • Кері байланыс
  • Электрондық каталог
  • Экран дикторы



  • Жобалар
  •  → 
  • Екiбастұз өлкесiнiң өлке тануы
  •  → 
  • Әлеумет

Екiбастұз өлкесiнiң өлке тануы

10.03.2022

"Алты ұл тапқан ананы Ханым десе болады"


Твитнуть
Поделиться
Плюсануть
Поделиться
Класснуть
Отправить

8 наурыз күні «Өнер» қалалық мәдениет сарайында Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік шара ұйымдастырылды. Салтанатты шарада қала әкімі Ардақ Қаңтарбаев әйелдер қауымын мерекемен құттықтап, марапаттау рәсімін өткізді.

Сахна төріне алдымен көпбалалы аналар көтерілді. Гүлжамила Әділханова, Юлия Джакупова, Айкерім Қалдыбаева, Мақпал Қонысбаева, Айдана Смаеұлова қала басшысының қолынан «Алтын алқа» тақса, Эльмира Бәтенова, Жұмагүл Дәулетова, Айнұр Зымыра, Гүлзада Жәлел, Толқын Құсайынова, Гүлжазира Қыдырбаева, Айсұлу Нарымбаева, Татьяна Нейман, Балқия Сәрсенбекова, Шолпан Уақпаева «Күміс алқа» иегерлері атанды.

«Алтын алқа» таққан Айдана Смағұлованы көпшілік қоғам белсендісі, тіл жанашыры ретінде таниды. Ол әлеуметтік желілерде негізінен әлеуметтік мәселелер, ана тіліміздің жайын көтеріп келеді. Жеті баланың анасы.

- Өзімнің анам Сәлимаш Жанайдарқызы он бала тәрбиелеп өсірді. Балаларына тағлым-тәрбие берді, еңбекке баулыды. Біздің әулетте қазақ санын көбейту жағынан анамның жолын мен жалғадым, - дейді Айдана Мейрамқызы.

Айта кетерлігі, Айдананың ата-анасы Мейрам Смағұлов пен Сәлимаш Жанайдарқызы туралы екібастұздық ақын Жанаргүл Қадырованың «Машдвор» өлеңінде:

«Арбаған көзді көк қала 

Көліктер емес тек қана. 

Сәлимаш ана өсірген 

Қысық көз, қара көп бала» 

деген жолдар бар...

Мерекелік салтанатта, сонымен қатар, білім беру, денсаулық сақтау, өндіріс, мәдениет, мемлекеттік қызмет, прокуратура, әлеуметтік қорғау, халыққа қызмет көрсету және үкіметтік емес ұйымдар салаларында адал қызмет етіп, еңбек сіңірген қызметкерлер мен мамандар марапатталды.

Атап айтсақ, Павлодар облысы әкімінің құрмет грамотасы-мен Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС-інің 6-разрядты кран машинисі Ләзат Әлімбаева, білім саласының ардагері Рухия Дәлелова, «Полония» поляк этномәдени бірлестігінің төрайымы Валентина Ильюшенкова, водоканал» МКК директоры Ольга Сендецкая марапатталды. Аймақ басшысының алғыс хаты «ЭМПК» ЖШС директоры Әсия Ахметоваға, «Богатырь Көмір» ЖШС кран машинисі Инга Әбелдиноваға, «Пром-машкомплект» ЖШС бас бухгалтері Галина Егороваға, Екібастұз станциясының тауар кассирі Балхаш Искаковаға, Екібастұз 2-МАЭС станциясының отын беру машинисі Галина Михноваға тапсырылды.

Одан соң өңіріміздің талантты өнерпаздары әзірлеген концерттік бағдарлама ұсынылды. Екібастұздық арулар мен аналарға эстрада әншісі Әлішер Кәрімов әсем әннен шашу шашты.


Автор Әбдікәрім Ж.
Издание Отарқа
Стр. 1, 2
Файл Загрузить

Тізімге оралу


Қатысты мазмұны:


DB query error.
Please try later.