• Читать @cbsekibas
  • Instagram

Екібастұз ОКЖ

Павлодар облысы Екібастұз қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

На русском

  • Негізгі
  • Кітапхана жүйесі
    • Жаңалықтар
    • Мақалалар
    • Кітапханалар
    • Қызметкер құрамы
    • Кәсіподақ комитеті
    • Галерея
    • Бейне және аудио
  • Қызмет
    • Өлкетану
    • Баспа қызметі
    • Мәңгілік полк
    • Ынталандыру клубтары
    • Кешенді мақсатты бағдарламалар
    • Әріптестік
  • Ресурстар
    • Жаңа түсімдер
    • Кітаптар
    • Журналдар
    • Газеттер
    • Мультимедиа
    • Авторлар
    • Баспалар
    • Рецензиялар
    • Пайдалы сілтемелер
  • Online арқылы кітапты ұзарту
  • Кері байланыс
  • Электрондық каталог
  • Экран дикторы



  • Жобалар
  •  → 
  • Екiбастұз өлкесiнiң өлке тануы
  •  → 
  • Әлеумет

Екiбастұз өлкесiнiң өлке тануы

29.10.2020

Алғысқа бөленген Айша


Твитнуть
Поделиться
Плюсануть
Поделиться
Класснуть
Отправить

Әлеуметтік жұмыс - қызметтің жан-жақты, сан-салалы түрі. Бұл саланың қызметкерлері қарауындағы адамдарға әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік еңбек және әлеуметтік-педагогикалық көмектер көрсетеді. Былайша айтқанда, халықтың әлжуаз топтарына көмектесіп, мүгедектердің қоғамға бейімделуіне жағдай жасайды, жалғызілікті, мүмкіндігі жоқ адамдарға құжат жасауға құқықтық көмегін ұсынады. Осыншама қызметті риясыз атқару үшін әлеуметтік қызметкердің бойында адамға шынайы жаны ашу, мейірім сезімі болуы тиіс. Биыл бесінші жыл қатарынан әлеуметтік қызмет атқарып келе жатқан Айша Қосаева - осындай адам.

Айша Ілиясқызы бүгінде 8 адамға қызмет көрсетеді. Оның екеуі - І топтағы мүгедек, қалғаны - мүгедектігі бар, жалғызілікті кісілер. Айшаның негізгі мамандығы мұғалім екен. Алматы қаласында қазақ қыздар педагогикалық институтын бітірген. Бұрын мұғалім, балабақшада 16 жыл тәрбиеші болған. Өзбекстаннан қоныс аударғаннан бері әлеуметтік қызметкер болып жұмыс істейді.

Әлеуметтік қызметкерлерге бір айға жұмыс кестесі белгіленеді. Бір адамға аптасына 2 рет баруға міндетті. Жұмыс кең ауқымды. Науқастың үйіне кіргеннен хал-жағдайын сұрап, қажетті азық-түліктерін, дәрі-дәрмегін, газет-журналын сатып әкеліп береді. Қажет болса науқастың жағдайына қарай дәрігер шақырады. Онымен бірге банкке, халыққа қызмет көрсету орталығына, базарға барады.

- Бірнеше жыл қызмет көрсетіп жүргендіктен, олар туралы бәрін білесің. Жағдайларына қанығасың. Бүгін таңертең әжейге бардым. Әжей таңғы асын да ішпепті. Ауырыңқырап тұр екен. Дереу үйді реттеп, жинадым. Дүкеннен нан, сүт, қаймақ әкеліп, шай бердім. Қан қысымынан ішетін дәрісі таусылып қалған екен, дәріханаға барып сонысын сатып әкелдім. Шайдан соң көңіл-күйі көтерілген әжейге жақпа май жағып, батасын алып, келесі қызмет алушыға бардым. Ол үйде төсеніштерді жуып, үйді ретке келтірдім. Осылайша күнделікті жұмысымыз жалғаса береді, - дейді жұмыс күні туралы Айша.

Әлеуметтік қызметкер жалғызілікті кісілердің, мүгедектердің жақынына айналады. Алғыс алып, арқаланып қайтады. Олардың әңгімесін тыңдайды. Құдды психолог сияқты. Жалғызілікті жандар шерін тарқатып, мұңын ақтарады. Өткені туралы әңгімелейді. Елдегі жаңалықтарды талқылайды. Жан сырын бөліседі. Ақылдасады.

«Бұл жұмысты таңдаған адам өмірдің ішкі иірімдеріне үңіледі, - дейді Айша Ілиясқызы. - Олардың әңгімесінен (әсіресе ата-әжелердің) кейін көп нәрсеге басқаша қарай бастайсың. Қарайласатын ешкімі қалмаған кейуана «Бұлай болады деп кім ойлаған?!» деп көкірегі қарс айрылады. Бір кезде олардың да отбасы, бала-шағасы болды. «Ал бізді не күтіп тұр?» деген ой келеді кейде».

Қиындығына қарамастан Айшаға жұмысы ұнайды. Ұжымы ұйымшыл, бір отбасы секілді. Әсіресе меңгеруші Назым Мүритова ақыл-кеңесін, көмегін аямайды. Жұмысын тыңғылықты атқаратын Айша былтыр әлеуметтік қызметкерлер күнінде «Нұр Отан» партиясының алғыс хатын алды.

- Кәсіби мереке күні әріптестерімнің дендеріне саулық, бастарына амандық тілеймін. Ең бастысы еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын! - деді ол сөз соңында.


Автор Қуатбайқызы Г.
Издание Отарқа
Стр. 11
Файл Загрузить

Тізімге оралу


Қатысты мазмұны:


DB query error.
Please try later.