Қазан айының екінші жексенбісінде еліміз Мүгедектер күнін атап өтеді. Бұл күні мүмкіндігі шектеулі жандарга мейірім сыйлап, қамкөңіл жандарга қарайласу дәстүрге айналган.
Мүгедектерге қолдау көрсету бір күнмен шектелмейді. Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтары туралы конвенцияны жүзеге асыру мақсатында бірқатар шара атқарылуда. Әлеуметтік қамту, бизнес ашуга көмектесу, жұмысқа орналастыру, т.б. мемлекет тарапынан демеу көрсетіледі.
Елімізде 700 мыңға жуық мүгедек тіркелген. Бұл ел тұрғындарының 3,7 %-ын құрайды. Солардың 400 мыңнан астамы еңбекке қабілетті болғанымен, төрттен бірі ғана жұмыс істеп жатыр екен.
Мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыруды көздейтін мемлекеттік бағдарламалар бар. Солардың бірі - 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы. Аталған бағдарлама мүгедектерді де жұмысқа орналастырып, оқытып, кәсіпкерлікке тартуды көздейді.
Үстіміздегі жылы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында өңірде мүмкіндігі шектеулі 151 адам жұмысқа тартылған. Соның ішінде 52 адам қоғамдық жұмысқа, 8 адам әлеуметтік жұмыс орындары-на тартылып, 4 жас маман жастар тәжірибесі бойынша жұмысқа алын-ды. 61 мүгедек тұрақты жұмыс орнына орналастырылған. 5-уі қысқа мерзімді кәсіби оқыту курсынан өтсе, 14-і «Бастау Бизнес» жобасымен кәсіпкерлікті үйренген. Мемлекеттік бағдарламамен 2 адам мал шаруашылығын дамыту үшін шағын несие алған. Бизнес-идеясын қорғаған 4 адам мемлекеттік грант иесі атанды. Олардың бірқатары Желтоқсан көшесі, 12-үйде орналасқан шағын индустриалық аймақта кәсібін жандандырып жатыр. Аталған орталықта өз ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге жеңілдіктер жасалған.
- «Бастау Бизнес» жобасы арқылы білім алған 14 мүгедек түрлі сала-да қызмет көрсетуді таңдады. Соның ішінде автосервис, тігін, полиграфиялық қызмет, нан және кондитерлік заттарды өндіру бағытында жұмыс істейтіндер, сондай-ақ, мал шаруашылығын дамы-туды көздегендер бар, - дейді «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының маманы Қарлығаш Рақпарова.
Жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, биыл тірек-қимыл аппараты бұзылған 3 азамат үшін арнайы жұмыс орнын құру жоспарланған екен. Бүгінге дейін 2 жұмыс беруші арнайы жұмыс орнын құру үшін өтініш білдірген. Қазіргі кезде осы мәселеге қатысты келісімдер жасалуда.