Екібастұз қаласының әкімдігі «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» ММ тұлғасында «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасына «Бақытты отбасы» бағыты бойынша ЖАО-да кезекте тұрғандарға келесі санаттар үшін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ға жолдама алуға өтініштер қабылдайтынын хабарлайды:
- көпбалалы отбасылар;
- толық емес отбасылар;
- мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
Бағдарламаға қатысу үшін өтініш берушілер мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш;
2) өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;
3) неке қию/бұзу, жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы, балалардың тууы туралы куәліктері;
4) өтініш беруші және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерін тіркеу туралы мекенжай анықтамасы;
5) өтініш берушіде және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасы бойынша меншік құқығында оларға тиесілі тұрғын үйдің жоқ немесе бар екендігі туралы анықтама;
6) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама (үлесі, саман және қаңқалы-қамыс түріндегі тұрғын үйлер, жатақханалардағы бөлмелер болған жағдайда), сондай- ақ, осы жағдайларда меншік құқығының туындағанын растайтын құжаттар.
7) соңғы 6 (алты) ай ішіндегі табысы туралы мәліметтер (жалақы туралы анықтама), еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен алынған отбасылық жиынтық табысының болуы (балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақыларды есептемегенде, АӘК, алименттер, т. б.);
8) өтініш берушінің санаттарға қатыстылығын растайтын құжат.
Өтініштер 2019 жылдың 22 шіл-десінен 31 шілдесіне дейін, дүйсенбі - жұма күндері сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін қабылданады, түскі үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
Мекен-жайы: Екібастұз қаласы Энергетиктер көшесі, 62, 204, 206 «А» кабинет.
Осы бағдарламаның шарттары:
1) Жоғарыда көрсетілген санаттардың бірі бойынша тұрғын үй кезегіне тұру;
2) Отбасының бір мүшесінің табысы 42500 теңгеден аспауы тиіс;
3) Несиелеудің ең жоғары сомасы - 10 млн. теңге;
4) Несие беру мерзімі 20 жылға дейін;
5) Бастапқы жарна тұрғын үй құнының 10%-ы мөлшерінде;
6) Бастапқы және қайталама нарықта және жеке тұрғын үйлерді сатып алуға болады.
Анықтама: кәмелетке толмаған балалармен толық емес отбасы, неке бұзылған сәттен бастап 3 жыл мерзім өтуі (толық емес отбасылар үшін); жоғары оқу орындарында, колледждерде және басқа оқу орындарында күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда, төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасы; мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасы (мүгедектігі туралы анықтама).