• Читать @cbsekibas
  • Instagram

Екібастұз ОКЖ

Павлодар облысы Екібастұз қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

На русском

  • Негізгі
  • Кітапхана жүйесі
    • Жаңалықтар
    • Мақалалар
    • Кітапханалар
    • Қызметкер құрамы
    • Кәсіподақ комитеті
    • Галерея
    • Бейне және аудио
  • Қызмет
    • Өлкетану
    • Баспа қызметі
    • Мәңгілік полк
    • Ынталандыру клубтары
    • Кешенді мақсатты бағдарламалар
    • Әріптестік
  • Ресурстар
    • Жаңа түсімдер
    • Кітаптар
    • Журналдар
    • Газеттер
    • Мультимедиа
    • Авторлар
    • Баспалар
    • Рецензиялар
    • Пайдалы сілтемелер
  • Online арқылы кітапты ұзарту
  • Кері байланыс
  • Электрондық каталог
  • Экран дикторы



  • Жобалар
  •  → 
  • Екiбастұз өлкесiнiң өлке тануы
  •  → 
  • Әлеумет

Екiбастұз өлкесiнiң өлке тануы

11.07.2019

Шаңдақсор жағажайында


Твитнуть
Поделиться
Плюсануть
Поделиться
Класснуть
Отправить

Биыл өңірдегі ауа райына байланысты шомылу маусымы әдеттегіден кешірек, 5 шілдеде басталды. Шаңдақсор көлінің оң жағында Солнечный кентіндегі жағажайдың ашылуын асыға күткен қалалықтар сонда ағылды. 

Жағажайдың ресми ашылуына «Нұр Отан» партиясы өкілдері, полиция қызметі, «Екібастұз МАЭС-2» АҚ құтқару бөлімшесі, жағажайды жалға алушы кәсіпкер қатысты. 

Шара барысында Екібастұз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының инженері А.Алимов суға батқан адамды құтқаруды және алғашқы медициналық көмекті іс жүзінде көрсетіп, жағажайдағы демалушыларға құтқару жабдықтарын тапсырды. 

Жағажайды көркейтеді 

Биыл жағажайды жаңа кәсіпкер жалға алды. Нұрлан Апаев бұған дейін басқа кәсіппен айналысқан екен. Алдағы үш жылда Солнечный кентінің жағажайын көркейтуге атсалыспақ. 

Жағажайда шолу мұнарасын, медициналық пункт салуға кент әкімдігі көмек көрсетіпті. Әйтсе де бұл жерге медицина маманын жұмысқа тарту қиындық тудыруда. Себебі кенттегі медицина мекемесінде де маман тапшы. Сондай-ақ, күзетші мәселесі де шешілмей тұр. 

Мереке күндері жағажайға халық көп келеді. Ішімдік ішкен кейбірі келушілердің тынышын алатыны да белгілі. Осындай-да полицияның көмегі керек-ақ. Кәсіпкер осы мәселемен кент әкіміне шығып, тірек пунктінде полицейлер болса деген тілегін білдірмек. Бұл, әсіресе, мерекелерде тәртіп сақтауға септігін тигізер еді.

- Осыдан біршама уақыт бұрын әлеуметтік желіде тұтынушылар арасында сауалнама жүргізген едім, - дейді кәсіпкер Нұрлан Қайроллаұлы. - Сауалнамада жағажайға кіру үшін аз-маз төлемақы төлеп (50 теңге), сол ақшаны аумақты көріктендіру жұмыстарына жұмсасақ деген ұсыныс жасадым. Мұны бәрі қуана құптады. «50 теңге деген ақша ма? Ең бастысы, жағажай таза болса болды» деп жазғандар көп еді. Бірақ сөзден іске көшкенде бәрі басқаша болып шықты. Ақшаның қандай мақсатқа жұмсалатыны жазылған тақта да орнаттым. 50 теңгенің дауы зор екен, - деген кәсіпкер ойға алғаны орындалмағанына өкініш білдірді. 

Көлік қою ақылы 

Жағажай маңындағы автотұраққа көлік қою ақысы - жылдағыдай 300 теңге. Н.Апаевтың айтуынша, былтырғы жалға алушылар көлікті автотұраққа емес, жағажайдың өзіне (демалушылардың қасына) кіргізу үшін 500 теңге алып келген екен. Биыл мұндайға мүлде тыйым салыпты. 

- Жағажайға мүлде көлік кіргізбейтіндей етіп бекіттік. Бұл жағдайға біреулер түсіністік танытса, кейбірі жанжал шығарады. Жағажайға көлік кіргізу демалушылардың, әсіресе, кішкентай балалардың өміріне қауіпті екенін ескере бермейтініміз өкінішті, - дейді кәсіпкер. 

Жағажайда киім ауыстыратын бірнеше орын қарастырылған. Күніне бірнеше рет қоқыс жи-настырылады. Бұл жерде демалушылардың мәдениеті жөнінде де айта кету керек. Көп жағдайда тынығушылар қоқысты оті рған жерлеріне тастай салады. Ескертуге құлақ аспайды. Тыйым салынған жерге от жағып, кәуап пісіретіндер де бар. Негізі жағажай маңында кәуап пісіруге арналған арнайы орын дайындалған. Бұл маңнан қоқыс жәшігі де алыс емес. Өкінішке қарай, мәдениеті төмен кейбір демалушылар мұны қаперіне ілмейді. 

Кәсіпкердің алға қойған жоспары көп. Соның бірі -дәретхана мәселесі. Келушілер көп болғандықтан, келесі жылдың жоспарына биодәретхана санын көбейтуді кіргізбек. 

Жағажайға кіре беріс жердегі дүңгіршекті жалға алған қосалқы жалгерлер кәуап пі-сіріп, өзге де тәтті-дәмдісін келушілердің алдына тосады. Ал келесі жазда Н.Апаев өз күшімен жаздық дәмхана ашпақшы. 

 * * * 

Жаз басталғалы Екібастұз ТЖ басқармасы мамандары шомылуға тыйым салынған жерлерге рейд жүргізді. Мамандардың айтуынша, адамдар өз өмірлеріне қауіп төнетініне қарамастан, рұқсат етілмеген жерлерде шомылуын доғарар емес. Мұндай орындарқауіпті, арнайы белгіленбеген жерде шомылу қайғылы жағдайға соқтырады. 

Шомылуға рұқсат етілмеген су айдындарының асты тік жарлы не батпақты болуы мүмкін. Сулары шомылуға жарамсыз, түбі қоқысқа толы. Мұндай жерлерде бақылау мұнарасы орнатылмаған, яғни, суға бату қаупі жоғары. 

Қала аймағында шомылуға тыйым салынған су қоймалары баршылық. Тек Солнечный кентіндегі жағажайда ғана суға түсуге рұқсат етілген. 

Екібастұз ТЖ басқармасы мен «Екібастұз МАЭс-2 станциясы» АҚ қауіпсіздік басқармасы бірлесе отырып 4369,5 га аумақты аралады. Рейд барысында азаматтарға ескерту жасалып, жаднамалар таратылды.

Автор Медеубайтегі Г.
Издание Отарқа
Стр. 3

Тізімге оралу


Қатысты мазмұны:


DB query error.
Please try later.